Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3555 0 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 11:47

Миллион кімге бұйырады?

Келесі аптадан бастап Қазақстанда 2 пайыздық ипотека беретін "Бақытты отбасы" деген бағдарлама басталады. Оның алғашқы жарнасын төлеу үшін облыс әкімдіктері 1 млн теңгенің сертификатын береді. Керемет, керемет демеске амал жоқ. Бірақ ол сертификатты жаңадан салынатын үйден пәтер алсаңыз ғана береді.

Егер, балаңыздың мектебіне жақын, үйреніскен, мәселе Майқұдықтан үй алсаңыз 1 млндық сертификат берілмейді. Үйдің алғашқы жарнасын өзіңіз төлейсіз.

Жаңа үй қымбат, азар болса 2 бөлмелі ғана пәтер аласыз. 5,6 баламен кім 19 жылға 2 бөлмені ипотекаға алады. Одан гөрі Майқұдықтан арзанға 3 бөлме алу тиімді емес пе?

Жаңадан салынып жатқан үйлер жекеменшік компаниялардыкі. Сонда Үкімет 2 пайыздық ипотеканың ақшасы бір қолға (жекеменшік компанияға) құйылғанын қалап отыр ма? Әр қалада осындай жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғынүй кешендері бар. Олардың қожайындары кім екен? Неге осы компаниялардың үйін өткізуге мемлекет мүдделі? Тұрғынүй сертификаты жаңа және ескі үйлерге бірдей берілсе мұндай күмән тумас еді.

Ләззат Қожахметтің facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525