Жексенбі, 25 Тамыз 2019
Билік 892 0 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 11:26

Қызылорда облысында аз қамтылған отбасыларға қайтарымсыз грант бөлінбек

Қызылорда облысында көпбалалы және және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау көрсетілмек. Бұл мақсатта аймақтың 2021 жылға дейінгі Жол картасы шеңберінде қаржы бөлінбек,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Президенттің тапсырмасы бойынша, Үкімет көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірыңғай шаралар пакетін қабылдады. Осы мақсатта көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау көрсету бойынша 2021 жылға дейінгі Аймақтық әлеуметтік жол картасы қабылданды. Бұл Жол картасы аясында өзінің шағын бизнесін дамытуға қайтарымсыз негізде 1922 грант бөлу қарастырылуда, - деді Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов..

Аталған шаралар шеңберінде сауықтыру лагерлерінде аз қамтылған отбасылардағы 17 мың баланың демалысын ұйымдастыру, әлжуаз отбасылардан шыққан 25 мыңнан астам оқушыны тегін тамақпен және мектеп киімімен қамтамасыз ету, Қызылорда қаласы бойынша 6800 балаға қоғамдық көлікте тегін жүруін ұйымдастыру қолға алынбақ. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы балаларды жоғарғы оқу орындарында оқытуға облыс әкімінің қосымша 200 гранты бөлінбек. Ал осы отбасылардың еңбекке жарамды өкілдерін жұмыспен қамтуға жәрдем жасалады. Бұл туралы өңір басшысы:

Әдеттегідей өңірде көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бастамасын ауыл шаруашылығы және бизнес құрылым өкілдері де қолдап, жыл басынан бері 17 отбасыға баспана кілтін табыстады. Бұдан бөлек, Елбасының тапсырмасына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй салуға және дайын пәтерлерді сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген 3,6 млрд. теңгеге және қосымша облыстық бюджеттен бөлінген 360 млн.теңгеге жылдың қорытындысымен 431 көпбалалы отбасы баспаналы болады, - деп атап өтті..

Айта кететін жайт, бүгінгі күні өңірде 36 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Олардың 6 мыңға жуығы аз қамтылған. Бүгінгі күні 3000 астам көпбалалы отбасы мен жалғыз басты аналардың материалдық-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, тиісті қолдау көрсетілуде.

Abai.kz

0 пікір