Сенбі, 23 Қараша 2024
2578 0 пікір 19 Шілде, 2019 сағат 10:33

Қазақстан электр қуатын Өзбекстанға жеткізе бастады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімге сай, 2019 жылы өзбек қуат жүйесіне 1 млрд кВт/с жеткізіледі. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маусымның аяғынан бастап 17 шілдеге дейін Өзбекстанға 145 млн кВт/с берілген. Келісім шарттарына сай, Қазақстан тұтынушыларына электр қуатын алуда басымдық беріледі. Қандай да бір техникалық ақаулар болған жағдайда, өзбек тұтынушылары үшін шектеу енгізіледі.

Өзбекстан 69 млрд киловатт-сағат электр қуатын тұтынады, республикадағы жылу электр станциялары мен су электр станциялары 64 млрд киловатт-сағат өндіреді. Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2030 жылға қарай елде электр қуатына сұраныс 117 млрд киловатт-сағатқа өседі.

Электр қуаты дефицитін шешу үшін үкімет атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бірақ елдегі мамандар мен әлеуметтік желі қолданушылары АЭС құрылысына қарсы шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502