Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3719 0 пікір 19 Шілде, 2019 сағат 10:35

Зеленский: Путин барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский барлық тұтқынды алмастыруды 2018 жылы қарашада аннекцияланған Қырым жағалауларында ұсталған 24 украин теңізшісін босатудан бастауды ұсынды.

Бұл туралы Зеленский "Президентпен ашық әңгіме" бағдарламасында мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатып, Ресей мен Украина арасында диалог орнату осыдан басталуы мүмкін.

Зеленскийдің сөзіне қарағанда, "барлығын барлығына алмастыру" формасын Ресей президенті Владимир Путин телефонмен әңгіме барысында ұсынған. Дегенмен, украин президентінің айтуынша, Киев дайындаған тізім мен Донецк және Луганск облыстарында "уақытша басып алынған аумақта" жасалған тізім сәйкес келмейді. Сол себепті ол тұтқын алмастыруды 24 украин теңізшісінен бастауды ұсынған.

"Барлық тұтқынды алмастырамыз, бірақ әулеі Ресейде және Қырымда тұтында отырғандарды қайтарайық, оны теңізшілерлен бастайық", — деді Зеленский.

Владимир Зеленский мен Владимир Путин алғаш рет телефон арқылы 11 маусымда сөйлескен, бұл бастаманы Украина көтерген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 720
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685