Сенбі, 23 Қараша 2024
2903 0 пікір 19 Шілде, 2019 сағат 14:09

Қызылордалық құрылысшылар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын ай соңында аяқтайды

Арыс қаласын қалпын келтіру жұмыстарына Қызылорда облысынан құрылыс бригадалары аттанған болатын. Бүгінгі таңда 145 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, 102 үй қалпына келтірілуде және 6 үйдің жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Арыс қаласында орналасқан тұрғын үйлердің Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақта 14 көше барлығы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

- Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аймақтар арасында 17 секторға бөлінген, №6 учаске Қызылорда облысына бекітілген – мұнда 254 жеке тұрғын үй, олардың бірі толық қалпына келтіруді талап етеді және 15 нысан орналасқан. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге біздің облыстың 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған, барлығы 186 адам жұмыс істеуде. Шілде айының соңына дейін барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.

Жақында ғана облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласында Сыр өңіріне бөлінген нысандарды жөндеу жұмыстарымен танысып қайтқан еді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 9-18 тамыз аралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының "Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында" тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.

2800 астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай көмегін көрсетті.

Мәселен, «Аралтұз» АҚ Арыс қаласының тұрғындарына өз қаражаты есебінен бір күндік жалақы қорынан материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, зауыттың 500-ден астам қызметкері «Аралтұз» АҚ басшылығының бастамасына қолдау білдірді және зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік табысын қосымша қорға аударды.

- Біздің кәсіпорын да әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, барлық қазақстандықтар үшін қиын кезеңде отандастарымызға қолдау көрсетуді жөн санайды, - деді «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайдан соң Қызылорда облысындағы бірқатар шаруашылықтар мен өңір тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458