Сенбі, 23 Қараша 2024
2605 0 пікір 20 Шілде, 2019 сағат 20:04

Қызылордада жаңа 26 ІТ жоба жүзеге асырылады

Сыр өңірінде ІТ бағытта 26 жоба іске асырылатын болады. Оның 5-і негізгі салаға, 6-ы басым салаларға арналған,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

26 жобаның 6-ы білім саласына бағытталса, 2-і денсаулық сақтау, 4-і қауіпсіздік, 5-і шаруашылық және көлік, 2-і ауыл шаруашылығы, 2-і бизнес және әлеуметтік салаға, 5-і қалалық басқаруға негізделген.

Денсаулық сақтау саласына енгізілетін ІТ жобалардың көмегімен жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасы жақсармақ. Бұл шараның негізгі мақсаты бала өлімін азайту, туа біткен ауруларды бастапқы кезеңінде анықтау, созылмалы ауруларға жұмсалатын денсаулық саласының шығындарын азайту көзделген.

Ал көлік саласына 3 жоба енгізілмек. Жергілікті бюджеттен 2 жобаға 38,7 млн теңге қаралса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 жобаға 800 млн. теңге бөлінбек. Аталған жоба арқылы көлік ұйымдарының салық түсімдері 20%-ға, табысы 30%-ға, кондукторлардың төлемдерді иемденуін 90%-ға азайту, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту уақытын және ақпараттандырылуы 40%-ға көбейеді.

Асыраушы салада 2 бірдей жоба мақұлданып отыр. ІТ жобаның көмегімен құрғақшылық, зиянкестердің жаппай көбеюі сынды кризистік сәттерді алдын алу шаралары көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, 26 ІТ жобаны жүзеге асыруға 13,1 млрд.теңге қаржы қаралған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475