Сенбі, 23 Қараша 2024
Аңыз Абай 7682 13 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 12:42

Саят Ыбырай: Абай - қазақтың айнасы

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай елімізде Абай өлеңдерін оқу эстафетасы басталған болатын.  Президент, министрлермен қатар елімізге белгілі тұлғалар аталған жобаны жалғастырып келеді. Күні кеше академик Асқар Жұмаділдаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбырайға жолдаған болатын.

Эстафетаны қабыл алған Саят Ыбырай ұлы ақынның  “Лай суға май бітпес қой өткенге” деп аталатын өлеңін оқыды. Сонымен қатар Абай шығармаларының еліміз үшін қаншалықты маңызды екеніне де тоқталып өтті.

Абай мен үшін кім? Абай мен үшін – айна бой түзететұғын. Бүкіл кемшілік-қателігімді, кем-кетігімді қарап, түзетіп отыратұғын. Бүкіл ішкі жан-дүниемде болып жатқан құбылыстың бәрін көрсетіп отыратұғын. Абай – қазақтың айнасы. Іргелі ел болам деген ел Абайды жаттау керек. Қуатты экономика құрамын деген ел, ешқандай кризиске бой алдырмайтын Абайды жаттап өсу керек. Неге? Себебі, ешқандай кризис жоқ. Тек қана ақылдың, сананың кризисі бар. Ойсыздық кризисі бар” деді.

Профессор әрі қарай Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Абайтанушы ғалым, Мекемтас Мырзаметке, ақын Светқали Нұржанға және тележүргізуші  Бейсен Құранбекке жолдады.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434