Жұма, 22 Қараша 2024
Әкімнің ісі 6898 30 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 12:52

Протекционизм - билікке деген сенімді жоққа шығаратын құбылыс

Протекционизм - билікке деген сенімді жоққа шығаратын, рухани-қоғамдық нигилизм тудыратын құбылыс.

Протекционизмнің мән-мағынасы, басшылар өздерінің туған-туыстарын, қызметтік құзырын пайдалана отырып, шенді-шекпенді орындарға қояды.

Біздің, Қазақстанның жағдайында мемлекеттік ресурстар халықтың бақылауынан тыс болғандықтан, мемлекеттің (халыққа тиесілі) ресурстарының майлы жілігін сүліктей соруға мүмкіндік береді. Халықтың биліктен көңілін қалдырып, жүрегін айнытатын жері осы.

Халық бәрін біледі. Көріп отыр. Көзі ашық, көкірегі ояу.

Кешегі Шымкенттің әкімі Лондоннан жіберген елге "үшбу сәлемінің өзінде" халықтың емес "ағаларының" арқасында басшы болғандығын болжап білуге болар... Ең сорақысы, осы тенденция жоғарыдан бастап, ортаңғы, төменгі дәрежеге дейін дендеп кеткен. "Балық басынан шіриді" деген осы.
Облыстың әкімі, ауданның әкімі, ауылдың әкімі сол жоғарғы жақ картинасының көшірмесі. Кішірейтілген ксерокопия. Өкінішті, запыранды, болашаққа балта шабатын тенденция...

Ерлан Саиров

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333