Сенбі, 23 Қараша 2024
1906 0 пікір 12 Шілде, 2019 сағат 17:25

Қызылорда жастары ақындар айтысын жаңғыртуды ұсынды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Сапар барысында ол партияның облыстық активімен кездесіп, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталып өтті. Сондай-ақ аймақтың белсенді жастарымен арнайы кездесіп, партияның жас буынмен жұмысы жаңа деңгейге көтерілетінін жеткізді.

Қызылорда жастары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуде ұлттық өнерді жаңғырту жолдарын ұсынды.

Қызылорда жастары партия төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуге бірнеше ұсыныс дайындаған. Соның бірі – жоғары сынып бағдарламасына қаржылық сауаттылық пен экономика пәнін қосу. Ал мектепке дейінгі дайындық мекемелерінде қазақ тіліндегі мультфильмдер санын арттыру керек деп есептейді. Бұл ретте анимациялық туындылардың тәрбиелік мәні зор болуы тиіс. Бауыржан Байбек әсіресе айтысты жаңғыртуға қатысты ұсынысты ерекше қолдайтынын білдірді.

«Айтысты қолдаймыз. Елбасы айтты, "Nur Otan" партиясы - халықтың партиясы. Біз айтпай-ақ , "Nur Otan" партиясы халықты біріктіру керек. Елбасы тапсырмасымен айтысты қолдадық. Қазір де оны әрі қарай жаңғыртамыз. Бірінші айтыс күзде бізде Алматыда басталады. Қаражат мәселесі шешілді. Ай сайын айтысты өңірлерде өткіземіз», - деді "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек қазіргі жаһандану жағдайында әрбір ұлт өзін сақтап қалу үшін күресіп жатқанына және бұл ретте біздің жастарға үлкен міндет жүктеліп отырғанына назар аударды.

– Біз тәуелсіздік алған кезде болашағымызға сенімсіздікпен қарағандар болды. Елбасының дана саясатының арқасында біз мемлекет құрып, бүкіл әлемге өзіміздің ел бола алатынымызды дәлелдедік. Енді осы елдігімізді күшейтіп, өз құндылықтарымыздың аясын кеңейтуіміз керек. Ана тіліміз бен тарихымызды дәріптеп, әлемдік деңгейге алып шығу біздің міндетіміз. Осы ретте жастарымыз белсенділік танытуы тиіс, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Осыған орай белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов төл өнерімізді қолдап, айтысты қайта жандандыру жайында өз ұсынысын білдірді. Мұндай ұсынысты ризашылықпен қабыл алатынын айтқан Бауыржан Байбек партияның алдағы уақытта айтысты қолға алып, оның дамуына жағдай жасайтынын айтты.

– Партияның қолдауымен енді ай сайын әр өңірде айтыс ұйымдастырылады. Оның алғашқысы күзде Алматыда өтеді. Ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс. Бірақ барлығы конструктивті болуы қажет, – деді Бауыржан Байбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485