Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 6638 2 пікір 1 Тамыз, 2019 сағат 10:28

Ислам Әбіш: 5 жылда кезекте тұрған барлық адамды пәтермен қамтуға болады

Үндеу. Басы: Халық әлеуметтік мәселелерді алыс келешекте емес, дәл қазір шешуге мүдделі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы деректеріне сәйкес (ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезегінде 487,0 мың отбасы тұр, олардың 220,0 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтары, соның ішінде 31,7 мың көп балалы отбасы.

Кезекте тұрғандар үшін 7 жыл ішінде 46,0 мың пәтер салынады. Пәтерді қалған 441,0 мың кезекте тұрғандар немесе 174,0 мың әлеуметтік осал отбасылар қашан алатыны белгісіз, бұл туралы ештеңе айтылмаған.

Төмендегі кестеде бюджеттен қандай қаражат бөлінетіні көрсетілген.

Ақша не үшін бөлінеді Ақша қанша жыл бөлінеді Бір жылға (млрд. теңге) Барлығы (млрд. теңге)
1  

Жалға берілетін тұрғын үй салуға

 

 

7

 

50

 

350

2  

ТҚЖБ арқылы несиеге тұрғын үй

 

 

3

 

50

 

150

3  

Әкімдіктердің тұрғын үй сертификаттары

 

 

5

 

17

 

85

4  

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау

 

 

7

 

240

 

1400

5  

Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу

 

 

7

 

200

 

1400

6  

Салынып жатқан тұрғын алаптарға инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу

 

7

 

100

 

700

 

 

 

657,0

 

 

4365,0

 

Жыл сайынғы бюджет шығындары 657,0 млрд теңгені, барлығы 7 жыл ішінде 4 триллион 365,0 млрд теңгені құрайды.

Не жасалады?

1. 46,0 мың пәтер салынады.

2. Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету.

3. 5000,0 км жергілікті жол жөнделеді, бұл барлық жергілікті жолдардың 95%-ын құрайды.

4. Салынып жатқан тұрғын алаптарға инженерлік коммуникациялық желілер тартылады.

Біздің есептеуіміз бойынша жоғарыда көрсетілген жұмыс көлеміне нақты шығындар 1,0 трилн. теңгеден аспайтын болады. Қалған 3 триллион 365 миллиард теңге артық жоспарланған қаражат.

Біздің ұсынатынымыз!

1. 5 жылдың ішінде барлық кезекте тұрғандарды (487,0 мың) осы мақсаттарға 1,4 трлн теңге жұмсап, пәтермен қамтамасыз ету. Алғашқы 3 жылда халықтың барлық әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз ету (220,0 мың теңге).

2. Барлық ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету, 3 жыл ішінде шығындар 320,0 млрд теңге.

3. 5000,0 км жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу үш жылда 300,0 млрд теңге.

4. Салынып жатқан барлық тұрғын алаптарға инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу, 5 жылда шығын 600,0 млрд теңге.

Үнемдеу 625,0 млрд теңгені құрайды, оны басқа мәселелерді шешуге жіберуге болады.

Бұл резервтер бюджет шығындарының тек төрт бағыты бойынша. Бюджет шығындарының көптеген түрлері бойынша, әсіресе үлкен жобалар бойынша, едәуір резервтерді іздестіруге болады. Біздің есептеулеріміздің нақтылығын біз оңай дәлелдей аламыз. Келесі мақалада біз ұсыныстарымыздың ірілендірілген есептерін жариялаймыз.

Ислам Әбіш

Бастамашыл топтың жетекшісі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063