Әмірбек ТӨГІСОВ: «Келді, көрді, былықтырды»
Қорғаныс саласының алғашқы азаматтық басшысы Даниал Ахметовтың орнына түсуі осы саладағы былық-шылықтың етек жайған кезеңіне дөп келді. Осыған байланысты генерал-майор, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Әмірбек Төгісовтен алған блиц-сұхбатымызды назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
- Даниал Ахметовтың орнынан кетуіне байланысты қандай ойға келдіңіз?
- Мынау орыстарда «Пришел, увидел, победил» деген қанатты сөз бар емес пе? Сол сияқты, Даниалға қатысты осы сөздің мәтінін майыстырып, «Келді, көрді, былықтырды» деп айтуға болады. Жалпы, әскери салада азаматтық басшының болуы - өзін түбірімен ақтаған идея. Неге десеңіз, әскери адамның саяси-экономикалық сұрақтардан басын аршып алып, түгелімен қару сынау, я жаттығу жасауға жіберген дұрыс. Өз басым 32 жыл әскер саласында болғандықтан, Қорғаныс министрлігінің басындағы жаңалықтарға құлақ түріп, жаманына күйініп, жақсысына сүйініп отырамыз ғой. Сондықтан, Даниалдан, оның алдында үкіметбасының орнында ұзақ отырып келген соң, үлкен жақсылықтарды күткеніміз рас.
- Осымен үмітім ақталмады демекшісіз ғой сонда?

- Менің ғана емес. Президенттің оны қорғаныс саласын күшейтеді, жаңа серпін береді деген мақсатпен осы лауазымға қойған шығар, бірақ ол үмітті де ақтамады. Әскери саясаттағы кемшіліктерін былай қойғанда, қарамағындағылары жемқорлыққа байланысты қылмыстық істерге бастары шатылды да қалды. Былыққа батты. Ахметовтың орынбасары Мейірманов бар, пәтер бөлу жағынан Оразалинов бар, оның алдында Шойынбаев деген генерал, барлығы істі болды. Осы жайларға қарап-ақ, Даниал іскер ретінде жұмысты үйлестіре алмады деп айтуға болады. Әйтпесе, Мейірмановтың, Оразалиновтың қаншама миллардтарды қалтасына басқандағы келісім-шарттары, қағаз-құжаттарының бәрі Ахметовтың қолынан өтуі керек қой. Соншама қаржының оны теріс айналып, жон арқасынан өтіп кетуі мүмкін емес. Ол қалса, Ахметовтың қаржы жағынан орынбасарлары бар, неге солар сөйлемейді? Бар кінәні Мейірмановқа артып отыр.
- Мүмкін, Ахметовтың уағында қорғаныс саласына көл-көсір ақшаның бөлінуінен осындай «астамшылықтар» болған шығар?
- Мүмкін. Мысалға, кезінде аэромобильді күштерге «прицельное приспособление» деген құрылғыларды сатып алу үшін бірталай қаржы бөлінген екен. Бірақ, соның керекті нормасынан 3-4 есе артық алып қойған. Енді оны басқа бір мақсаттарға бейімдеу үшін тағы 70 млн теңге керек көрінеді. Бұл жайында біраз БАҚ шулады ғой. Не деген ысырап! Ең болмаса, осы жағынан Ахметов ұтып шығуы тиіс еді, ол үкімет басқарып келген экономист емес пе?
- Ал, мынау Ахметовтың тұсында қару қоймаларында жиі жарылыс болуы кездейсоқтық па, әлде...
- Негізі, Ахметов қана емес, оның алдыңдағы министрлер де осы қару-жарақ қоймаларының жағдайына жете назар аудармады. Жарылыс болса, оның себебін, негізін түптеп, тыңғылықты экспертиза жасалынбады. Өйткені, көптеген қоймалар ескіден қалған, жаңа талаптарға жауап бермейді, дабыл беруші, өрт сөндіруші жарақтары да көнерген. Ол қала берсе, осы қоймалардың қасынан үйлер, барақтар салына бастағанда, ешкім «шәйт» демеген. Арақашықтық, дистанция деген болу керек емес пе?
- Ахметовтың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе?
- Қазір саяси жүйенің өзі түсініксіз сипат алып барады. Бұрындары министр деген үстіне кір жуымайтын, шаң тұрмайтын адам секілді болушы еді, қазір Ысқақовты, т.б. орнынан алған соң, ондай пікір айта алмай қалдық. Жарытып жорамал жасай алмаймын. Бір жағынан, орыстар айтпақшы, ол «непотопляемый» адам ғой, сәл көлеңкеде жүріп, қайтадан жоғарыдағы бір орынға жайғасар.
- Жалпы, осы кезге дейін Қорғаныс саласының басында болған 6 министрдің ішінде қайсысын ерекше атар едіңіз?
- .... Мұхтар Алтынбаев жаман жұмыс істеген жоқ, бірақ «МиГ» ұшақтарына байланысты даудан атын былғап алды. Одан соң Кореямен арада зеңбірек дауына да қатысы болды-ау, шамасы. Ал, негізі ерекше атарым - Сағадат Нұрмағамбетов ақсақал, қалғандарын білмедім енді.
Өркен КЕНЖЕБЕКОВ, «Абай-информ»