«LRТ-Астана» құрылысын 3 есе арзандатуға болады!
Еліміздің астанасындағы LRТ-ның (рельсті жеңіл темір жол) құрылысы аса қымбатқа түсуіне байланысты ол қалың көпшіліктің наразылығын туғызған болатын. Бұл жөнінде көптеген сын-ескертпелер айтылып жатыр.
Президентіміз Қ.Тоқаевтың нақты тапсырмасынан кейін халық наразылығы ескеріліп, бұл мәселеге нүкте қойылған сияқ.ты еді.
Өкінішке қарай, астанамыздың әкімінің «Астана ақшамы» (.01.08.2019ж.) газетінде жарияланған хабарламасынан кейін біз көпшілікке мына төмендегідей мәлімдеме жасауға мәжбүрміз:
1. «LRТ-Астана» жобасын бар болғаны 150,0 млрд.теңгеден аспайтын қаржыға толығымен бітіріп беруге дайын, техникалық жағынан өте сауатты бір топ инженерлер мен менджерлер бар.
2. Үнемделетін 420,0 млрд,теңгені 1,0 млн.гектар суармалы жерді іске қосуға жұмсауды ұсынамыз.
Қала әкімінің хабарына сәйкес, шығындарды ықшамдағаннан кейінгі LRТ құрылысына керек қаржы 1,5 млдр.доллар немесе 576,0 млрд.теңгені құрап отыр.
1млн.гектар суармалы жерден жылына 3,0 млрд.долларға жуық ауыл шаруашылық өнімін өндіруге болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауыл шаруашылық саласындағы салықтық жүктеме 4% мөлшерінде. Олай болса бұл жыл сайын бюджетке 120,0 млн.доллар немесе 45,6 млрд.теңге қосымшша қаржы түсіп отырады деген ссөз. Бұл қаржыны көп балалы аналарды материалдық қолдауға пайдалануға болады деп ойлаймыз. Айналымға қосылатын 1 млн.гектар суармалы жер 100,0 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын қамтасыз етеді. Адам басына шаққанда 40,0 мың доллардың өнімі өндіріледі деген сөз.
Үкімет және Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысымызға қызығушылық танытады деген сенімдеміз.
Ислам Әбіш
Бастамашыл топтың жетекшісі
Abai.kz