Екі ел билігінің реакциясындағы ұқсастықтар
Қазақстан мен Ресейде биліктің митингіге реакциясында мынадай ұқсастықтар бар:
• Екеуі де «шықпаңдар, жазалаймыз» деп ескертеді;
• Митинг басталмай тұрып, арнайы жасақ жіберіп, алаңдарды жабады;
• Наразылық өтетін жерде интернет баяулап, байланыс нашарлайды;
• Әуелі негізгі белсенділер мен журналистерді ұстап әкетеді;
• Ұсталғандар арасында «жай кетіп бара жатқан адаммын» дегендер болады;
• Азаматтарды күшпен ұстап, кейде арнайы жасақ сойылмен соғады;
• Наразылыққа шыққандарды қамап, айыппұлға кеседі;
• Нұр-Сұлтан да, Мәскеу де наразылық кезінде полицейлер «жараланғанын» айтады;
• Билікшіл БАҚ арқылы митингіге шыққандарды «агрессивті тобыр» етіп көрсетеді.
Оң жақтағы сурет – Алматыдағы, сол жақтағысы Мәскеудегі наразылық кезінде түсірілген. Қазақстан мен ресейлік сарапшылар биліктің митингіні күшпен таратуын "өзгеше ойлайтын жұртты өзіне жау көретін" режимдерге тән құбылыс санайды.
Аян Қалмұраттың facebook парақшасынан
Abai.kz