Дүйсенбі, 26 Тамыз 2019
46 - сөз 1514 9 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 14:49

"Бір тіл, бір дін, бір ұлт" концепциясы қажет

Қазір қазақ қоғамын жікке бөліп жатқан 2 фактор бар: біреуі тіл де, екіншісі – діни алауыздық.

Біреуі қазақтілділер мен орыстілділер деп барған сайын қазақ қоғамының арасын ашып бара жатыр. Басқа елдерде ғана болатын діни араздықты қазақ қоғамына алып кеп, қазақты түрлі жамағатқа бөлуге атсалысып жатқандар да көп. Екеуі де баяу жарылатын бомба сияқты. Осы екі мәселеге шұғыл арада мемлекет көңіл бөліп, ұлттық идеологияның өзегіне айналатын «Бір тіл, бір дін (ақида), бір ұлт» дейтін жаңа концепция жасап шығаруы керек.

Өкінішке қарай, президентке кеңесші болып жүргендердің бірде-біреуінен осындай харизманы, ұлтына жаны ашитын амбицияны байқап жүрген жоқпын әзірге. Олардың көбі барып кел, шауып келмен жүрген, тапсырма орындап қана үйренген жәй ғана функционерлер. Көбінің амбициясы қара басының қамынан аса алмай жатыр. Орысша ғана пост жазады, орыс тілін мемлекеттік тіл секілді көретін психология басым оларда.

Тоқаев мырза жылдар бойы жиналған осы екі проблеманы тездетіп шешпесе, болашағымыз бұлыңғыр!

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір