Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2355 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 06:33

Әскери прокуратура МИ-24 әскери тікұшағы апатының себептерін тексеріп жатыр

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Алдын ала болжам бойынша, МИ-24 әскери тікұшағының құлауына басқару гидрожүйесінің істен шығуы себеп болған. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, 17 маусымда сағат 20 шамасында 01852 әскери бөлімінің аумағында (Үшарал қ. Алакөл ауданы, Алматы облысы) жоспарлы оқу-жаттығу ұшу сапарын орындаған МИ-24 тікұшағы жерге қонар алдында құлап, өртке оранған.

Құлағаннан кейін жеңіл жарақат алған экипаждың үш мүшесі – командир, майор А. Қарамергенов,  ұшқыш-оператор, лейтенант А. Аношкин және борттехник И. Бүкіреев әуе кемесінен өздері шығып, қазіргі уақытта бөлімшенің дәрігерлік бөлімінде тексеруден өтіп жатыр.

«Оқиға орнында Талдықорған гарнизоны әскери прокурорының басшылығымен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тексерудің барысы мен нәтижелері бас әскери прокурордың жеке бақылауында», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Болат Тазабеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2383
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4048