Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3428 1 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 10:53

Тарантиноның моральдық демеуі

«Мәңгүрт» деген сөзді көбіне* еш теріс коннотациясыз, кекету-мұқатусыз, жай ғана - қазақшадан мақұрым қазақты айту үшін қолданамын.

Өзіңіз қараңызшы. Аты қазақ, заты қазақ, бірақ ана тілін білмейтін қазақ бар. Және оны сипаттайтын, жылдар бойы қалыптасқан, 100% дәл жеткізетін «мәңгүрт» деген әдемі сөз бар. Бірақ көңілшек көп заманда мен «қазақша білмейтін қазақ», «қаланың қазағы» деп, қор болуым керек.Әйтпесе, түнеугүні «мәңгүрт» деп айта салам деп, біреуді ренжітіп алдым. Анықтаманы арам ойсыз пайдаланайын десең - осы.

Осындайға байланысты Тарантино бүйдепті:
«Негрлер туралы еш ойланбай сөйлей беремін. Бәрібір ағеден ағеденді таниды: арам ойсыз айтқаныңды бірден түсінеді. Ал ренжігісі келетін, ренжуге бейіл адам бәрібір өзіне керегін тауып алады. Олар ғұмырын сөз аңдуға арнаған, ілік табуды мамандыққа айналдырған. Мен оларды тіпті менсінбеймін және не айтып жатқандарын естімеймін де».

Рахмет, Тарантино!
Айтпақшы баяғыда иә, аққұлақ деп шақыра беруші едік орыс балаларын. Еш кекесінсіз, үлкендер айтқанға біз де айта беретінбіз. Бүкіл отбасының көзінше. Еш ренжімейтін. Есейгесін де аққұлақ деп қалдық, одан арамызға жік түскен жоқ.

Ерлан Оспанның facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485