Жұма, 22 Қараша 2024
4530 0 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 12:52

Қазақстан ұлттық (этникалық) театрлары фестивалінің жабылу кеші өтті

2019 жылғы 23 тамызда Қостанай қаласының «Жастар сарайы» концерттік залында Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының V республикалық фестивалінің салтанатты жабылу кеші өтті.

Өздеріңізге белгілі болғандай аталған фестиваль екі жылда бір рет өтеді. Осыған дейін фестиваль Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент қалаларында өткен. Осы жылы фестиваль Қостанай қаласында ағымдағы жылдың 20-23 тамыз аралығында өтті. Фестивальға бес театр, атап айтқанда Шымкент қалалық өзбек драма театры (С.Досанов «Қасқыр ұлыған түн» /драма/ өзбек тілінде, режиссер: С.Мелиев),  Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры (Ғ.Мүсрепов «Поэма о любви» (Қозы Көрпеш – Баян Сұлу) /спектакль эпос/ кәріс тілінде, режиссер: Д.Жумабаева), Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры («Апат» /музыкалық-пластикалық спектакль/ режиссер: Я.Шамиев), І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры (Н.Гоголь «Үйлену» /комедия/ қазақ тілінде, режиссер: А.Баймахан), Қостанай облыстық орыс драма театрлары қатысты (Н.Садур «Панночка» /мистикалық мелодрама/ орыс тілінде, режиссер: А.Лиопа).

Қазылар алқасының құрамы:

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жумадильдаева Наталья Васильевна;
  • Қазылар алқасының төрағасы, театр сыншысы, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Еркін Жуасбек;
  • Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Михаил Токарев;
  • Театртанушы, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Халықаралық театр сыншылары ассоциациясының мүшесі Анар Еркебай;
  • Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Nomad City Hall» театрының бас режиссері Сайлау Қамиев.

Осы уақыттың ішінде Қостанай қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қатысушыларының қойылымдарын көріп, ризашылықтарын білдірді.

Салтанатты жабылу кешіне Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қостанай облысының басшылығы, облыстың өнер қайраткерлері, ҚР этнотеатрларының ұжымдары, БАҚ, театр сүйер қауым, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Асссамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Н.М. Наржанов ашты.

Осыдан кейін кештің жүргізушілері фестивальдің қорытындыларын жариялау және дипломдарды табыстау үшін сөз кезегін қазылар алқасының төрағасы мен мүшелеріне берді.

Театртанушы, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Халықаралық театр сыншылары ассоциациясының мүшесі Анар Еркебай «Фестивальдің екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша дипломмен Н.Садурдың «Панночка» спектакліндегі Явтух ролі үшін Қостанай облыстық орыс драма театрының актері Олег Смирновты марапаттады.

Театр актері әрі режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Nomad City Hall» театрының бас режиссері Сайлау Қамиев «Фестивальдің екінші пландағы үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша дипломмен Н.Гогольдің «Үйлену» спектакліндегі Дуняша ролі үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Назира Иманды марапаттады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Жұмаділдаева «Фестивальдің көрермен көзайымы жүлдесі» номинациясы бойынша дипломмен «Қасқыр ұлыған түн» спектаклі үшін Шымкент қалалық өзбек драма театрын марапаттады.

Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Михаил Токарев «Фестивальдің үздік сценографиялық жұмысы» номинациясы бойынша дипломмен Н.Садурдың «Панночка» спектаклі үшін Қостанай облыстық орыс драма театрын марапаттады.

Театр сыншысы, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Еркін Жуасбек «Фестивальдің үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша дипломмен Н.Гогольдің «Үйлену» спектакліндегі Агафья Тихоновна ролі үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Диана Тұрсынованы марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева «Фестивальдің үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша дипломмен Н.Гогольдің «Үйлену» спектакліндегі Подколесин ролі үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері Қонысбек Бегайдаровты марапаттады.

Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов «Фестивальдің үздік режиссерлік жұмысы» номинациясы бойынша дипломмен «Апат» спектаклі үшін Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының режиссері Ялкунжан Шамиевті марапаттады.

«Фестивальдің үздік спектаклі» номинациясы бойынша бас жүлдені Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Асссамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Н.М. Наржанов «Поэма о любви» спектаклі үшін Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрын марапаттады.

Номинациялар бойынша жүлделер табысталғаннан кейін жергілікті шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды, сонымен қатар жабылу салтанатының арнайы қонағы Нұр-Сұлтан қаласының «VoiceKZ» тобы өз өнерлерімен көрермендерді қуантты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5274