Жұма, 22 Қараша 2024
4652 1 пікір 28 Тамыз, 2019 сағат 18:08

Алматыда "Oyan Qazaqstan" белсенділерін полицияға шақырды

Қазақстанда саяси реформалар жасауға шақырып жүрген "Oyan Qazaqstan" азаматтық жастар қозғалысының үш мүшесін 28 тамызда Алматыда полицияға шақыртқан.

Қозғалыс белсендісі, суретші Роман Захаровтың Азаттыққа айтуынша, таңертеңгі сағат тоғыздың кезінде үйіне келген құқық қызметкерлері оны Алматы полициясы департаментіне жеткізген. Қозғалыс белсенділері Жанел Шаханова мен Әсем Жапишеваға да полиция шақырту жіберген. Захаров полиция мекемесінде онымен қалалық әкімдік өкілдері "профилактикалық әңгіме" өткізіп, Алматыда 30 тамызда өтеді деп хабарланған марш және Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы жайлы сұрақтар қойғанын айтты.

- "Oyan Qazaqstan" туралы сұрады. "30 тамызда заңсыз маршқа шақырып жатырсыңдар" дегенді айтты. Бірақ біз әлеуметтік желіде таратқан ақпаратта марш өтетін ешқандай уақыт, мекенжай жазылмаған, - деді Роман Захаров.

Әсем Жапишева мен Жанел Шаханова да полиция департаментіне кіріп шықты. Белсенділердің адвокаты Ерлан Ерболатов әкімдік өкілдерінің полиция ғимаратына шақыртуы заңсыз деп санайды. Ол бұған байланысты бас прокуратураға арыз түсіретінін айтты.

Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбековтің сөзінше, "Oyan Qazaqstan" қозғалысының әлеуметтік желіде 30 тамызда марш өтетін туралы жариялаған жазбалары "елді заңсыз қатысуға шақыру" болып саналады.

"Сондықтан олармен әңгімелесіп, жиын өткізу үшін рұқсат алу керектігін ескерттік" деді Алматы әкімдігінің өкілі.

Роман Захаров биыл көктемде Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге Қазақстан конституциясындағы баптан "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" деген сөз жазылған баннер ілген соң "қоғамдық орынды былғағаны" үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Әуелі Захаровты әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған сот кейін жазаны айыппұлға ауыстырған.

Бұған дейін "Oyan Qazaqstan" азаматтық қозғалысының белсенділері 30 тамыз, Қазақстан конституциясы күні бейбіт шеруге шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3223
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279