Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 7647 15 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 11:02

Қатерлі қарусыз әлем құру – бейбітшілік кепілі

Алматы қаласында 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай арнайы басқосу өтті. Іс-шараны Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Ерлан Ысқақов сөзінің әлқиссасын 2009 жылы 2 жел­тоқ­сан күні БҰҰ Бас Ассамблеясы №64\35 қарарын қабылдап, 29 тамыз Ядро­лық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халық­аралық күні ретінде бекіткенін еске түсі­румен бастады. «Кеңес Одағының Се­мей ядролық полигонында 1949 жылдан бастап жүргізген ядролық сынақтары 1991 жылы жабылған болатын. 40 жылға созылған осындай сынақтар барысында 2000 ядролық сынақ жүргізілді. 1949-1963 жылдары Семейдегі ашық ядролық жарылыстар кезеңі болып саналды», деп атап өтті дипломат.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғы­лым академиясы Жоғары энергетика институтының есебі бойынша Се­мей полигонында сыналған ядролық зарядтардың қуаты Хиросимадағы сы­налған ядролық бомбаның қуатынан 2,5 мың есе көп екенін көрсетті. Ядролық бәсе­келестіктің екінші кезеңі 1963 – 1989 жылдар аралығы. 1963 жылы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания арасында жер бетіндегі және ауада, су астында атом қаруын жаруға тыйым салу туралы келісімге қол қойылды. Жер бетіндегі және ауадағы ядролық жарылыстар тоқтатылды, бірақ ядролық бәсекелестікті тоқтатқан жоқ. Келісім тек ядролық жарылыстарды жердің астына әкетті. Әрине бұл екі елдің ядролық бәсекелестігіне ешқандай жақсы нәтиже берген жоқ, тек қана халқымыздың өміріне, денсаулығына, мәдениетіне, экономикасына үлкен зиянын тигізді. КСРО сияқты алып империя құлағанда оған қарасты стратегиялық ядролық күштер төрт елде қалды. Ресей жерінде 20750, Украинада 4025, Беларусьте 825, Қазақстанда 1216 ядролық оқтұмсықтар сақталған екен. Америка үкіметі Невада штатында жүргізілген сынақтардың адамзат пен табиғатқа алып келген шығын көлемін 100 миллиард долларға шаққан көрінеді. «Қазақстан жеріндегі жүздеген жарылысқа ұласқан бұл сынақтардың салдары аймақта тұратын адамдарға үлкен қасірет әкелді», деп атап өтті дипломат.

ядролы

Одан әрі дипломат, бұл мәселе халықаралық қоғамдастықтардың назарында тұруы тиіс екенін жиылған қауым­ның қаперіне салып өтті. «Өт­кенді өзгерту мүмкін емес, алайда келешекті өзгерту мүмкіндігі бар. Қазақ­станның ғаламдық бастамасы, АТОМ жобасы арқылы Қазақстан ядролық қа­рудан азат әлемнің жаңа болашағын қа­лып­тастыруға өз үлесін қосып отыр. Біз мұндай басқосулар алаңы арқылы ха­лықаралық қауіпсіздік мәселелері бо­йынша диалогты дамыту мүмкіндік­терінің жаңа қырларын танытатын боламыз. Ядролық қару бар жерде адам­заттың жарқын болашағы немесе ертеңгі күнге сенім туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес. Сол себепті біз бүгінгі жиынға жастарды тартып отырмыз» деп атап өтті дипломат.

Қазақстанның БҰҰ-дағы Қазақ­стан­ның тұң­ғыш өкілі Ақмарал Арыс­танбекова 1991 жылдағы саяси ахуалды еске алып өтті. «Қазақстан көп­век­торлы сыртқы саясат бағытын жүргізе отыра басқа мемлекеттермен бірі­гіп өзінің ықпал ету аймағында мем­лек­ет­аралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырып, Орталық Азия мен Қазақстан ядролық қарудан азат аймаққа айналды.

Қазақстанға аса ірі ядролық арсенал КСРО-дан «мұраға» қалды. Оған қоса, республика аумағында әлемдегі ең ірі полигондардың бірі – Семей ядролық сынақ полигоны орналасқан еді. Осылайша тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан республикамыз өзін өзге елдермен кең ауқымдағы ынтымақтастық үшін ашық, бейбітсүйгіш мемлекет ретінде көрсетті. Көбіне осы шешімдердің арқа­сында еліміз ауқымды шетелдік инвес­тициялар тартуға қол жеткізіп, әлемдік державалардың кең қолдауына ие болды», деп атап өтті А.Арыс­танбекова.

Кездесу – пікір алмасуы форматында өткен халықаралық жиында Қазақ­стандағы қоғамдық бірлестіктер атынан сөйлеген жастардың батыл пікірі ха­лықаралық ұйым өкілдерінің назарын аударғаны жиын барысында байқалып тұрды. Ақпараттық технология саласының маманы, сарапшы Медеу Әбішовтің «Адамзатқа төнген қауіп еселеніп кетті. Күні кешеге дейін біз тек ядролық қаруға ғана назар аударып келдік. Қазір жасанды интеллектердің мүмкіндігі адамзаттың бақылауынан шығып кетті. Бүгінгі ғалымдар компьютер мүмкіндігін бірнеше мың есеге күшейткенімен, оны бағдарламалау кодының шеңберінен шығаруға қол жеткізбей, шектеп тастады. «Жасанды интеллект» тіркесі адамның санасын жасанды жолмен жасау идеясын арқалағандықтан, ол адам сияқты еркін ойлау қабілетіне ие болуы тиіс. Бұдан кейінгі жағдай не болмақ? GoogleX ғалымдары адам миы мен көздерінің арасында ақпарат тасымалдайтын нейрондардың функционалдық жүйесін көшіріп ала алды. Қазір бұл әдісті Қытай үкіметі халқын бақылауда ұстауға пайдаланып отыр. Олар көшелердегі камералардың көмегімен өтіп бара жатқан азаматтың бетін сканерлеу арқылы оның кім екенін анықтай алады. Өкінішке қарай, жасанды интеллект осындай мақсатта да қолданылып жатыр. Адамзатқа төнген жаппай қырып-жоюды көздейтін ядролық қарумен шектеліп отырған жоқ. Қауіп еселеніп кетті. Сол себепті осы мәселені жастар атынан назарларыңызға ұсынғым келеді», деп сөзін түйіндеді Медеу Әбішов.

Abai.kz
15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290