Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
Әне, көрдің бе? 4441 13 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 12:16

Қазақтың дінсізденуін коммунистер өз пайдасына шешіп отыр

Бұл қауіпті үрдіс. Иә, Кеңес Үкіметімен бірге дінсіздік те келмеске кетті деген аксиома ел арасында берік орынықты. Шынымен солай ма?

«VKontakte» әлеуметтік желісінде «Сообщество атеистов Казахстана» деп аталатын топ бар. Онда орыс тілді отандастарымыз өзара іс-тәжірибесімен бөлісіп, өмір тарихтарын ортаға салып, бейнебаяндар жариялайды.

Иә, білеміз. Қазақ билігінде қаржы министрлігін басқарған Наталья Коржова, генерал Булат Баекенов сынды атеистердің болғанынан да хабардармыз. Тіпті, Жұматай Әлиев сынды мәжіліс депутаты болған қандасымыз кезінде «атеизм курсын жоғарғы оқу орындарында оқыту керек» деп елді дүрліктіргені де бар-тын. Жұмекең осы пікірінен әлі де айнымай келеді. Ал, Парламент мәжілісінің қазіргі депутаты, коммунист Владислав Косарев болса, одан да арыға кетіп: «Атезим – не новая религия. В нашей программе четко сказано: «коммунисты выступают за признание свободы совести, право исповедовать любую религию или не исповедовать никакой, за отделение церкви и мечети от государства, а школы от церкви и мечети. При этом коммунисты ведут широкую атеистическую пропаганду, избегая унижений и оскорбления чувств верующих в любой форме», – деп кеңінен көсіледі.

Дін істері бойынша Комитеттің ғылыми-зерттеу және сараптау орталығының директоры Айнұр Әбдірасылқызы «бұдан он жыл бұрын атеистер елімізде 6%-ды құраса, қазір олардың қарасы үш есеге өсіп, 2019 жылы 18,8%-ға жетіп отыр», дейді.

Түйін. Алаш баласының қасиетті Құран Кәрімді тәрік етіп, Исламнан безінуі қоғамға ой саларлық дүние. Ел-жұрт болып бұл індеттің алдын алудың жолын қарастырғанымыз жөн-ақ. Әйтпесе, Батыстың төл дінінен түңілушілігі бізді де жайлап алатыны хақ.

Дін істері бойынша Комитеттің әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина «ислам мен проваславиені ұстанған отандастарымыздың 75%-дан астамы дінді шала-шарпы ұстайтынын жоққа шығармайды», дейді.

Діннен қадір кеткені, ұлттың иманының адаланғаны. Осыны коммунистер өз пайдасына жаратып отыр. Бұған жабыла тосқауыл қоятын кезі жеткен сияқты. Бұл қауіпті үрдіс!

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

13 пікір