"Сакральды Қазақстан"жобасының мақсаты - үңгірлік сананы жандандыру ма?
"Сакральды" яғни "О, дүниелік" Қазақстан"- ол нақұрыстардың жобасы.
"Рухани жаңғыру (РЖ)..." жобасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан "Сакральды Қазақстан" атты арнайы компания құрылыпты. Жалпы, РЖ негізгі мақсаты ғасырлар бойы бодандықта болған қазақтың ұлттық рухын жандандыру, ұлттық идеяны айқындау болса, "сакральды Қаз..." мақсаты б.д.д. VI- б.д.VI ғғ. арасында діндер пайда болған, жабайы адамдардың кезіндегі үңгірлік сананы жандандыру болып табылады. Олардың түсінігінде бұл қоғамдағы негізгі құндылық бүгінгі адамдар емес, тау-тастағы үңгірлер немесе "қасиетті жерлер".
Олар жердің де, елдің де иесі мен киесі осы қоғамның болашағын жасайтын адамдары екенін түсінбейтін нақұрыстар.
Қазақтың мәдениеті немесе өркениеті солардың қолында болса, онда "бұл қоғамның болашағы" топан суы қаптаған Қазығұрттан аса алмайды яғни болашағы жоқ деген сөз?! А.Эйнштейн, "Надандықта шек болмайды" дейді. Ондайлар біреу, он надан болса ештеңе етпес. Ал, нақұрыстар қаптаған қоғамды қалай түзетуге болады? Жалпы ондай қоғам түзеледі ме?!
Жанұзақ Әкімнің facebook парақшасынан
Abai.kz