"Он ғасыр жырлайды" кітабын әсіредіншілдер өзгертіп, кескілеп тастаған
"Он ғасыр жырлайды" кітабы шыққан. Бұрыыын. Оқыдым. Не үшін жылағанымды білмеймін. Жыладым.
ҚазНПУ - оқып жүргенде "жыраулар паэзиясы" деген пән болды. Тұнып тұрған қазақ руханияты. Ұстаздарымызда керемет болатын. Темірхан аға, Дариға апайымыз қазына еді. Жыраулар паэзиясын бөлшектеп, талдағанда ішіне кіріп кететінбіз. Санаңа азық, жаныңа рух беретін. Сондай бір сабақта шабыттанғанымыз сонша Ақтанбердінің толғауын домбырамен айтып бергенім есімде.
Сол кезде Мұхтар Мағауиннің "Көк мұнар" повесін де оқығанбыз. Қанша оқысаңда жалықпайсың. Тұнып тұрған мотивация. Қазақ руханиятын СССР- цензурасына қарамай қалай бес ғасырға кеңейткенін жазған. Қазақтың кім екенін, кім болғанын нақты фактімен, рухты әдебиетпен дәлелдеген.
Ал бұлар нестеді? Не істемеді? Әдебиетіміз бен тарихымыздың күлі көкке ұшқан. Ақын, жыраулардың сөздерін өздерінің тар санасына сыймаған, ақидасына сай келмеген жерлерін жұлмалап, өзгертіп, сөйлемдерін кескілеп, алып тастаған.
Сонда деймін де, діни догматизмнің ақидасына сай келмегені үшін тарихымыз бен мәдениетімізді өзгерте берсек неміз қалады?
Бұл қылмыс қой. Тарихи мұраны өзгертіп, басып шығаруға кім рұқсат берді? Миым жетпейді. Бүкіл халық ақымақ та, бұлар ақылды ма? Бұлар дінді біледі де, бүкіл халық дінсіз бе? Ата бабаларымыздың бәрі ширк, бидға жасаған ешекбас, тозақи ма? Иә.Солай дейді.
Діни сананың осыншалықты топас, ессіз болатынын көріп отырмын. Өз көзіммен оқыдым. Дінде бір адамға қиянат жасаудың өзі қаншалықты үлкен күнә екені белгілі. Ал тұтас елдің тарихи мұрасына қиянат жасаудың күнәсі қандай? Он ғасыр жылайды...
Әсет Бектұрдың facebook парақшасынан
Abai.kz