Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
3378 1 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 10:11

Қырғызстан: Тәжікстанға Ворух анклавына дәліз ұсынбаймыз

"Қырғызстан Тәжікстанға Ворух анклавына дәліз ұсынбайды",- деп мәлімдеді қырғыз үкімет басшысының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Жеңиш Разаков.

Оның сөзінше, Тәжікстан Ворух анклавына дәліз алуға тырысып жатыр. "Бірақ біз ұсына алмаймыз, себебі онда Ақсай қырғыз ауылы бар", - деді Разаков. Ол егер Ворухқа дәліз ашатын болсақ, онда Қырғызстан үшін жаңа эксклав ашуына тура келеді дейді.

Вице-премьер-министр шекарада осы мәселелерге байланысты жанжал жиі туындайтынын мойындады.

Ворух - Қырғызстанның Баткен облысындағы анклавпен жалғасатын Тәжікстанның Исфар ауданындағы 40 мың тұрғыны бар ауыл. Ворух мәртебесі туралы шешім Совет кезінде қабылданған. Онда бәрі СССР аумағына жатады делінген.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара қашықтығы 976 шақырым. Оның 500-дейі нақтыланған. 400 шақырым жерді құрайтын Ворухтағы Ақсай учаскесі әлі дау туғызып келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2072