Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4807 6 пікір 20 Қыркүйек, 2019 сағат 14:38

Телехикая түсіретін компанияларға жеңілдіктер жасалу керек

Елімізде «Кинематография туралы» заң шыққан. Керемет! Ұлттық кино түсіретін компанияларға түрлі жеңілдіктер бар.

Ал, неге телехикаяларды да осы санатқа жатқызбайды. «Илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы» емес пе? Түсірілімдік жағынан сәл бөлек демесең біз де ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптейміз. Телехикая түсіретін компаниялар да Ұлттық бағыттағы идеологияға жұмыс істейді. Ойланатын, жоғары жақтағыларды ойлантатын жағдай деп білемін.

Әйтпесе, бөлінген қаражаттың бірнеше пайызын салыққа төлейміз. Сол үшін "кино туралы" Заңға телехикая туралы да қосып қою керек.

Сонымен қатар, Үкімет тарапынан да біраз қамқорлықтар болып жатса, телехикая саласында аса үздік дүниелер жасайтын, қазақстандық телехикияларды әлемдік бәсекеге сай ететін уақыт онша алыста емес деп білем.

Жалпы қазір даму бар, бұрынғымен салыстыруға келмейді.

Нартай Өтегеннің facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048