Сейсенбі, 31 Желтоқсан 2024
2322 0 пікір 7 Қыркүйек, 2019 сағат 13:22

Қызылордалық 900 жас Отан алдындағы борыныш өтеуге аттанды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылған мәліметке сүйенсек, биыл Қызылордалық  900 жас отан алдындағы борыныш өтеуге аттанды. 

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Еркінбек Байболов осылай деді.

«Күзгі мерзімді әскери қызметке 900-ге жуық сыр бойылық жас өрен аттанады деп күтілуде. Оның ішінде 300-ге жуығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, 300-ге жуығы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Ұланына, 200-ге жуығы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне шақырылуда. Сондай-ақ 15 жас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Күзет қызметінде отан алдындағы борышын өтейтін болады» - деді департамент бастығы Е.Байболов.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер мен басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру 100%-дан аса орындалып, 800-ден аса азамат әскерге аттанған болатын.

Іріктеу кезінде дене дайындығы, эмоциялық тұрақтылыққа баса мән беріледі. Сондай-ақ үміткерлер психологтың тексеруінен өтеді. Денсаулық жағдайына байланысты және отбасының жалғыз асыраушысы болып танылатын азаматтар әскерге шақырылудан босатылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2125