Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
4168 1 пікір 1 Қазан, 2019 сағат 10:57

«ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының мерзімі ұзартылды

Байқаудың жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды.

Төменде 2017 жылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының жаңартылған  шарттары келтіріледі.

«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.

Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.

Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.

Номинациялар:

  1. Конституциялық реформа және Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі мемлекеттік құрылыс, демократиялық құндылықтар мәселелері.
  2. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда дамыту;
  3. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның рухани-мәдени жаңғыруы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
  4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;

Кезеңдер:
1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары 2019 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша түскен материалдардың саны мен сапасына орай 10 үміткерге дейін іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.

2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін екі аптаның ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.

Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 3 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады.

Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.

Жалпыұлттық Байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:

- 1-ші кезеңде Байқаудың екінші кезеңінің қатысушылары анықталады;

-   2-ші кезеңде Байқаудың финалына – 3-ші кезеңге өткен қатысушылар анықталады (әр номинация бойынша 3 үміткер). Жазба жұмыстары авторларының (әр номинация бойынша 7 адамға дейін, келесі кезеңге өткендерден басқасы) әрқайсысы – 25 мың теңгемен марапатталады.

-  3-ші финалдық кезеңде 4 номинацияның әрқайсысы бойынша жүлделік орындарды бөлу жүргізіледі. Оларға келесі сыйақылар беріледі:

Бірінші орын – 300 мың теңге;

Екінші орын – 200 мың теңге;

Үшінші орын – 100 мың теңге.

Байқаудың барлық қатысушылары грамоталар мен алғыс хаттармен аталып өтеді.

Әр номинация бойынша 1-ші орынды иеленген жеңімпаздарға Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады.

Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2-ші, 3-ші кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді. 

1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстарын alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық пошталарына жолдау қажет.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2034