Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
4660 1 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:05

«Qazaqstan», «Qazsport» арналары Головкин-Деревянченко кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы
Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко
(13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді.

Әйгілі «Madison Square Garden» алаңында өтетін бокс кешінде қарсыластар
IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы титулына
таласатын болады.

Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли
Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеске (20-7-2, 7 КО) қарсы
қолғап түйістіреді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесулерін көрсету құқығына
ие болды. Жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей
эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні
05:00-ден басталады.

Сонымен қатар, телерадиокорпорация қазақстандық көрермендерге
кездесулерді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN
TV мобильді қосымшасы онлайн тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.
Бұл кездесу Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан
келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Алғашқы кездесуде ол канадалық
Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031