Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3291 1 пікір 4 Қазан, 2019 сағат 11:15

Дәурен Абаев Президент Жолдауының бір айдағы нәтижесі туралы айтты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті Жолдауының бір айдағы негізгі нәтижелерін баяндады.

«Президент Жолдауының жарияланғанына бір ай болды, бұл уақытта атқарылған жұмыс аз емес. Атқаратын шаруа да көп. Мұнда Жолдаудың белгілі бір уақытқа жоспарланған бағдарламалық құжат екенін түсіну қажет. Оны жүзеге асыру үшін 81 тармақтан тұратын жалпыұлттық жоспар әзірленді және қабылданды. Мұнда нақты шаралар көрсетілген, оның нәтижесін халық сезінеді деп үміттенем», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Мысал ретінде министр «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының жанданғанын айтты.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға көңіл бөлді. Елді газдандыру бойынша ол «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын тездетуді тапсырды. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, күніне шамамен 6 шақырым дәнекерлеу жұмысы жүргізілуде. Тораптар құрылысы аяқталуға жақын, әрине, алда техникалық жұмыстар, жабдықтау мәселелері бар. Бірақ барлық жұмысты желтоқсан айына дейін бітіру жоспарланған», - деп атап өтті Д. Абаев.

Оның айтуынша, Қарағанды, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 3 миллионға жуық адам табиғи газбен қамтылады.

«Бұл инфрақұрылым шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді. Және ең бастысы – ауаға ластаушы заттардың таралуын төмендетеді», - деді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2022