Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4073 6 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 14:01

Бақытсыз қоғам?!

Жапондардың орташа табысы $3,0-3,2 мың. Бұл елде семья бюджетінің 42% балаларының білім алуына яғни болашақ адам капиталының дамуына жұмсалады.

Сондықтан олардың еңбек өнімділігі, табысы, тұрмыс деңгейі бізден 9-10 есе жоғары болса, орташа өмір ұзақтығы 18-19 жасқа артық. Біздің елде тәуелсіздік жылдары мектеп пен универлерден бір де бір жаңалық өндіріске енбесе, оларда әрбір оныншы үйде роботтар шығарады.

Жапондар тілі мен менталитеті бізге өте жақын халық. Ал, біздің мектептерде мұғалім, не директор ақша жинады, Қор құрды т.б. бітпейтін бос сөз. Енді ол "әлемдік деңгейдегі мәселені" министрлік пен Парламент заңдастыру керек. Яғни, мысалы Қандағаштың мектебінде кім-қанша ақша қашан жинау, не жинамау керек? Түк өнбейтін қандай бишаралық?!

Осыдан 3-4 жыл бұрын Алматы қаласы "Нұротан" партиясының филиалына түскен арыз бойынша мұғалім, директор т.б. шақырып мектептегі ақша жинау мәселесіні қарағанда түкке түрмайтын іс екені анықталды.
Одан да сол жинаған ақшаны бақылайтын ата-аналар комитеті мен ревизилық комиссия құрып, сол жиналған қаржыны білім сапасын жақсартуға жұмсауға атсалыспайсыңдар ма?

Мектеп, лицей, универлердің бірінші міндеті сапалы білім беру! Ол арзан бола ма, қымбат бола ма - ол маңызды емес, 2-ші, не 10-шы кезектегі мәселе.

Ата-ана, мұғалімдер осындай мәнсіз істермен айналысқандықтан біздің оқу орындары, мамандығы жоқ, не өндіріс-бизнеске жарамсыз яғни жұмысқа орналаса алмайтын бақытсыз жастарды шығарады. Ол қоғамның өзі де бақытсыз, әрі бишара.

ҚР жастары суицидтен қырғын соғыс жүріп жатқан Сирия т.б. алдында, әлемде 1-3, ажырасу, аборт, отбасылық зорлық-зомбылықтан 4-ші орын алады...

Ағайын, барлығың бір ауыл, ауданда тұрасыңдар. Той-садақаға бірге барып, өзара құдандалы-жекжатсыңдар яғни екі дүниенің қызығын бірге көресіңдер. Солай бола тұра, ру-тайпаға бөлініп бастарың қосылмайды, күншілдік, арызқойлық яғни орталарыңда өзара сенім жоқ, арыз көп.

Бұл, бірігіп іс қылуға шорқақ, бақытсыз қоғамның бейшара тірлігінің қорытындысы. Оның себебі өзіміз!

Жанұзақ Әкімнің facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588