Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
3036 0 пікір 10 Қазан, 2019 сағат 11:02

Ресей білікті мамандарға азаматтық беру тәртібін жеңілдетті

Ресейде шетелдің білікті мамандарына Ресей азаматтығын беру мерзімі үш жылдан бір жылға қысқарды. Жаңа федералдық заң 2 қазанда күшіне енді.

Бұған дейін шетел азаматы бұл елде тұруға ықтиярхат алу үшін Ресейде кем дегенде үш жыл тұруы керек болған.

Заң авторлары мұндай шара ел экономикасына көмектеседі деп есептейді.

Тәжікстан мен Ресейде қос азаматтық тәртібі бар. Ресей азаматтығын қоса алған тәжік азаматтарының саны 250 мыңнан асты. Мұндай жағдай тәжік сарапшыларын алаңдатып отыр.

Жеңілдік қарастырылған мамандықтар тізімін Ресейдің еңбек министрлігі бірнеше жыл бұрын бекіткен. Жаңасында тізімдегі мамандық саны 74-тен 135-ке өсті.

Ресей ауыл шаруашылығы мамандарына зәру. Бұған қоса Мәскеу мұғалімдердің азаматтық алуын жеңілдетеді. Техника мамандарына да басымдық беріледі. Медиа саласындағы мамандарға жеңілдік қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2548
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5461
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4770