Жексенбі, 24 Қараша 2024
3260 4 пікір 11 Қазан, 2019 сағат 11:53

Қазақстанда балаларын митингіге ертіп апарған ата-аналарды жазалауды ұсынды

Сенат депутаттары кәмелетке толмаған балаларды митингіге ертіп апарған ата-аналарға 100 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 645 доллар) көлемінде айыппұл салу немесе он күнге дейін қамауды ұсынды.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, депутаттар мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері туралы заң жобасына осындай түзету енгізуді ұсынған. Қазір Әкімшілік кодекстің 128-бабында балаларды әкімшілік заң бұзуға итермелегені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған.

Заң жобасына қосымша түсініктемеде Қазақстанда рұқсат етілмеген митингілерге кейбір ата-аналардың балаларын ертіп апаратыны жазылған. Құжат авторларының пікірінше, бұл балалардың денсаулығына, психикалық дамуына кері әсер етеді.

Бұған дейін сенат депутаты Сәуле Айтпаева рұқсат етілмеген митингіге қатысу балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтқан. Бұл қоғамда қызу талқыланған даулы мәселелердің бірі. Кейбір мамандар "егер билік балаларға митингілерге баруға тыйым салса, онда Олимпиада, партия форумы сияқты ресми шараларда да балаларды тұрғызып қоюға тыйым салуы керек" деп санайды.

Қазақстанда наразылық кезінде полицияның балаларды ұстау оқиғалары кездесіп тұрады. 21 қыркүйекте Шымкент пен Нұр-Сұлтанда полиция кәмелетке толмаған балаларды ұстап, кейіннен босатқан. Наразылар "балаларды ата-анасынан айырған" полиция жұмысын сынаған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641