Жексенбі, 24 Қараша 2024
2628 3 пікір 11 Қазан, 2019 сағат 17:04

Нобельдің "Бейбітшілік" сыйлығы Эфиопия премьеріне берілді

2019 жылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы Эфиопия премьер-министрі Аби Ахмед Алиге берілді.

Сыйлыққа үміткерлердііріктеген Комитет Аби Ахмед Алидің Эритериямен бейбіт келісім жасасудағы еңбегін елепті. Бұл туралы Нобель комитетінің өкілі Ослодағы салтанатты кеште мәлімдеген.

Нобель сыйлығы әлемдегі ең беделді сыйлықтардың бірі. Нобель сыйлығы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің  (1833—1896) өсиеті бойынша құрылған. Оны табыстау рәсімі Ослода және сол күні Стокгольмде өтеді.

2019 жылғы Нобель сыйлықтарының әрқайсысының бағасы тоғыз миллион швед кроны (шамамен 900 мың доллар).

Осыған дейін әдебиет, медицина, физика және химия салалары бойынша биылғы жылғы Нобель иегелдерінің есімдері белгілі болған.

Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемде бейбітшілік орнату жолындағы еңбегі үшін жеті мәрте Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, қазіргі күнге дейін Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы 26 мемлекеттің басшысына ғана беріліпті. Олардың қатарында АҚШ президенттері Теодор Рузвельт, Вудро Вильсон, Джимми Картер, Барак Обама, КСРО президенті Михаил Горбочев, Израил президенті Шимон Перес, Польша президенті Лех Валенса, ОАР президенті Нелсон Мандела, Германия канцлері Вилли Брандт,  Мьянма көсемі Аун Сан Су Чжи, Палестинаны азат ету қозғалысының лидері Ясыр Арафат т.б. бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5632