Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2676 1 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 11:40

Владимир Путин Сауд Арабияға барды

Дүйсенбі күні Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мохаммед бин Салман Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы жергілікті SPA агенттігі хабарлады.

Кездесу барысында лидерлер екі елдің қарым-қатынасына қатысты келісімдерді, Сирия мен Йемендегі жағдайды, сонымен бірге терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылаған.

Путин Сауд Арабияға 14 қазанда барды. Кремль мәліметіне қарағанда, сапар аясында Путин мұнай бойынша келісімге қол қоюға және Ресейге инвестиция тартуға әрекет етпек. Батыс БАҚ атап өткендей, Мәскеу экономикалық санкциялардан ішкі жалпы өнімді 3 процентке көтеру мақсатына жете алмай қалған.

Эр-Риядқа сапары алдында Путин Al Arabiya, Sky News Arabia және RT Arabic телеканалдарына сұқбат беріп, Саудияның падишасы және ханзадасымен жақсы қатынаста екенін білдірген.

Путиннің Біріккен Араб Эмираттарына сапары 15 қазанда белгіленген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131