Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 10946 20 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 15:11

Біз қазақша сөйлейміз, қазақша оқимыз! Ал Айдос Үкібайлар ше?

Айдос Үкібай. Бұрынғы журналист. Соның оқуын оқыған. Ұзақ жыл «Хабар» агенттігінде жұмыс жасаған. 2016 жылы Президенттің баспасөзін басқаруға барып, биылғы ауыс-түйістен соң экс-президентке ере кеткен. Қазір сол кісінің (Елбасының) қасында. Баспасөз хатшысы.

Баспасөз хатшысы дедік қой. Айекең, өзгелерден қалсын ба, оның да әлеуметтік желіде парақшасы бар. Өзінің «Твиттерінде» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың не істеп, не қойғаны туралы ақпараттарды бөлісіп, жаңалық таратып отырады.

Ресми парақшасы - @Aidos_Ukibay. 2019 жылдың сәуірінде тіркеліпті. 1273 оқырманы бар екен. 167 жазба жариялапты. Өзі 31 адамды оқиды екен, тағы. Және 4 адам оның парақшасына бас бармақпен баға беріпті (лайк басыпты).

Иә, ресми түрде өз еркімен отставкаға кетіп, «бәріміз президентке қызмет етеміз» десе де әлі күнге басты саяси ракурстен түспей, керісінше, әлгі даулы 184 Жарлық арқылы құзырет-құдыретін күшейткен адамның баспасөзін басқаратын бұл кісінің парақшасы бізге де қызық. Шолып шықтық.

Әрісін айтпағанда, қазақ айы әлі аяғына шыққан жоқ. Яғни ай толық емес. Сондықтан, соңғы екі айды қарайық... Қыркүйек, қазан айларында Айекең не жазды?

ҚАЗАН АЙЫ

Қазан айында Айдос мырза Үкібай ұзын-ырғасы - 26 жазба (жаңалық, пост т.б.) жариялапты. Сол 26 жазбаның тек біреуі ғана мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жазылыпты. Сенесіз бе? 26 жазба. 25 жазба орысша, 1 жазба қазақша.

23 қазан:

«А вот и сам документ о присвоении звания Почетного доктора» (қазақша нұсқасы жоқ),

«Нурсултану Назарбаеву присвоено звание Почетного доктора Университета Цукуба» (Қазақшасы жоқ),

22 қазан:

«Нурсултан Назарбаев встретился с Президентом Украины Владимиром Зеленским...» (қазақшасы жоқ),

«Айдос Укибай: «Первый Президент Казахстана принял участие в официальной церемонии интронизации Императора Японии Нарухито. Японская сторона установила соответствующий дресс-код для этого мероприятия. Все участники… https://www.instagram.com/p/B36MTgxH81k/?igshid=j5ii7zrhpil3 …» (қазақшасы жоқ),

«Первый Президент Казахстана принимает участие в официальной церемонии интронизации Императора Японии Нарухито» (қазақшасы жоқ),

21 қазан:

«Елбасы по приглашению Правительства Японии прибыл в г.Токио для участия в официальной церемонии интронизации Императора Нарухито. Официальная церемония интронизации состоится 22 октября в Императорском дворце. В рамках визита Елбасы также проведет ряд двусторонних встреч» (қазақшасы жоқ),

18 қазан:

«На совещании под председательством Нурсултана Назарбаева обсуждается ход реализации Предвыборной программы партии «Казахстан – 2021: Единство. Стабильность. Созидание» и Плана нации «100 конкретных шагов»» (қазақшасы жоқ),

«Сегодня состоится совещание под председательством Елбасы с участием членов Правительства, партии «Nur Otan» и ее фракции в Мажилисе Парламента» (қазақшасы жоқ),

16 қазан:

«Здоровый образ жизни для Нурсултана Назарбаева всегда был приоритетом. Несмотря на насыщенный график, во время визита в Азербайджанскую Республику Елбасы совершил пешую прогулку, пройдя четыре с половиной километра вдоль Каспийского побережья» (қазақшасы жоқ),

15 қазан:

«В ходе заседания ССТГ Елбасы был награждён Высшим Орденом Тюркского мира» (қазақшасы жоқ),

«Ровно через час начнётся VII заседание ССТГ» (қазақшасы жоқ),

14 қазан:

«Нурсултан Назарбаев прибыл в город Баку. В ходе визита Елбасы встретится с Президентом Ильхамом Алиевым, проведёт переговоры с Президентом Сооронбаем Жээнбековым и Президентом Реджепом Эрдоганом, а также примет участие в VII Саммите ССТГ» (қазақшасы жоқ),

11 қазан:

«Для тех, кто не успел посмотреть интервью Елбасы в эфире ТВ

» (қазақшасы жоқ),

«Хочу поделиться хорошей новостью) Наш аккаунт в Instagram официально верифицирован» (қазақшасы жоқ),

10 қазан:

«Отрывок из сегодняшнего интервью Елбасы. Полная версия выйдет завтра в 21:30 в эфире телеканала "Хабар"» (қазақшасы жоқ),

«Елбасы дал интервью телеканалу «Хабар». В ходе беседы Нурсултан Назарбаев прокомментировал слух о так называемом «двоевластии», а также рассказал о причинах сложения им полномочий Президента страны» (қазақшасы жоқ),

9 қазан:

«Елбасы встретился с председателем Агентства по противодействию коррупции Аликом Шпекбаевым Подробнее: https://elbasy.kz/ru/news/2019-10/elbasy-vstretilsya-s-predsedatelem-agentstva-po-protivodeystviyu-korrupcii-alikom …» (қазақшасы жоқ),

«Нурсултан Назарбаев принял министра внутренних дел Ерлана Тургумбаева Подробнее: https://elbasy.kz/ru/news/2019-10/nursultan-nazarbaev-prinyal-ministra-vnutrennikh-del-erlana-turgumbaeva …» (қазақшасы жоқ),

8 қазан:

«Приказом Руководителя Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы от 8 октября 2019 года Томашов Елдар Серикович освобожден от должности заведующего Секретариатом Помощника Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы в связи с переходом на другую работу» (қазақшасы жоқ),

«Приказом Руководителя Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы от 8 октября 2019 года Утенов Айдар Есенович назначен заведующим Секретариатом Помощника Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы» (қазақшасы жоқ),

«Сегодня Елбасы встретился с президентом НАН РК Муратом Журиновым и Генеральным секретарем ССТГ Багдадом Амреевым. Подробнее об этих встречах читайте на сайте http://Elbasy.kz» (қазақшасы жоқ),

6 қазан:

«Лес, посаженный вокруг столицы Первым Президентом - это ещё один центр притяжения горожан. Находясь в режиме городской суеты не всем удаётся насладится ярким осенним пейзажем. Комфортная атмосфера для семейного активного отдыха. Рекомендую!» (қазақшасы жоқ),

«Елбасы Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетуімен құттықтады» (қазақша жазған күн),

2 қазан:

«Ответ от Елбасы уже в Stories» (қазақшасы жоқ),

«https://www.instagram.com/stories/elbasy_nazarbayev/2145001060175850561/?utm_source=ig_story_item_share&igshid=1jyczosgnobo1 …», (сілтеме),

«Казалось бы, что о Первом Президенте Казахстана известно все: где родился, где учился, кем работал. Однако, есть и малоизвестные факты о Елбасы. Мы запустили отдельную рубрику в Instagram Stories, посвященную фактам из жизни Нурсултана Назарбаева, неизвестным широкой аудитории» (қазақшасы жоқ).


ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ

Қыркүйекте Айдос мырза бас-аяғы 22 жазба жариялаған екен. Оның 16-сы орыс тілінде, 6-ауы қазақ тілінде жазылған.

28 қыркүйек:

«Елбасы в своих выступлениях не раз останавливался на вопросах развития и внедрения ИИ. Это мировая тенденция. Подробный расклад вокруг этого вопроса можно найти в новой книге К.Масимова "Следующий властелин мира. Искусственный интеллект"» (қазақшасы жоқ),

«Чат-боттар, автопилот, адамның жүзін тану функциялары үйреншікті жағдайға айналды. Жасанды интеллект барлық жерде. Оның тарихы мен бүгінін зерделеп, болашағын болжауға тырысқан Кәрім Қажымқанұлы «Келешектің әміршісі» аты жаңа кітабын жарыққа шығарды» (қазақша),

26 қыркүйек:

«Нурсултан Назарбаев с глубокой скорбью воспринял известия о кончине Жака Ширака» (қазақшасы жоқ),

24 қыркүйек:

«Нурсултан Назарбаев провел встречу со Спикером Меджлиса аш-Шура Омана Халидом Аль-Мауали» (қазақшасы жоқ),

«Елбасы встретился со Спикером Национальной Ассамблеи Республики Корея Мун Хи Саном и Спикером Меджлиса аш-Шура Королевства Саудовская Аравия Абдуллой Аль-Шейхом. Подробнее на сайте http://Elbasy.kz» (қазақшасы жоқ),

19 қыркүйек:

«19 сентября 1994 г. был зарегистрирован национальный домен ".KZ". С тех пор этот день считается Днем рождения Казнета. Интернет занимает огромную роль в жизни казахстанцев. Это и образование, и развлечение, и способ коммуникаций. Благодаря Интернету доступны все библиотеки мира» (қазақшасы жоқ),

18 қыркүйек:

«Елбасы: "Я очень благодарен Ассамблее и всему народу Казахстана за то, что все эти годы поддерживали проводимою мною политику и укрепляли нашу страну"» (қазақшасы жоқ),

17 қыркүйек:

Сілтеме (қазақша),

«Ә.Исекешев: «Елбасы бастаған реформалардың арқасында біз маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Жалпы ішкі өнім 11 миллиард доллардан 170 миллиард долларға дейін өсті. Елге 300 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Елдегі өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті»» (қазақша),

15 қыркүйек:

«Из-за плотного графика и командировок не всегда получается выделить время на тренировку. Но в выходные - спорт по расписанию» (қазақшасы жоқ),

13 қыркүйек:

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды» (қазақша),

11 қыркүйек:

«Нурсултан Назарбаев принял Первого заместителя Председателя партии «Nur Otan»» (қазақшасы жоқ),

10 қыркүйек:

«Слева – национальный павильон «Казахстан» на ВДНХ в Москве после реставрации. Справа – павильон «Казахская ССР», 1954 год» (қазақшасы жоқ),

«Первый Президент Казахстана встретился с Председателем Мажилиса Парламента @NigmatulinKZ» (қазақшасы жоқ),

7 қыркүйек:

«В ходе встречи в Кремле Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин обсудили ключевые аспекты взаимодействия двух стран» (қазақшасы жоқ),

«Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин посетили павильон "Казахстан" на ВДНХ. В ходе посещения Елбасы подарил своему другу памятный сувенир» (қазақшасы жоқ),

«Ұлы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" атты әні. Елбасы Мәскеу қаласының күніне арналған мерекелік концертке барды» (қазақша),

«Нурсултан Назарбаев посетил Посольство Республики Казахстан в Российской Федерации» (қазақшасы жоқ),

6 қыркүйек:

«Нурсултан Назарбаев прибыл с рабочим визитом в Российскую Федерацию», қазақшасы:

«Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді»,

«6-7 сентября т.г. Нурсултан Назарбаев совершит рабочий визит в Российскую Федерацию. В ходе визита Елбасы встретится с Президентом В.Путиным, посетит национальный павильон "Казахстан" на ВДНХ и примет участие в праздничных мероприятиях по случаю Дня города Москвы» (қазақшасы жоқ),

3 қыркүйек:

«Председатель Совета Безопасности принял Министра обороны Нурлана Ермекбаева» (қазақшасы жоқ).


Түйін. Біз экс-президенттің баспасөзін басқаратын Айдос Үкібай мырзаның «Твиттер» желісіндегі парақшасын, онда да соңғы екі айын шолып шықтық. Осы екі айда Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік сапарлары мен өткізген кездесулері туралы егжей-тегжейлі ақпарат таратқан Айекең ұзын-ырғасы 50-ге жуық, дәл айтсақ 48 жазба жариялапты. Сол 48 жазбаның 7-еуін ғана мемлекеттік тілде, қазақ тілінде жазған екен.

Рас, әлеуметтік желідегі парақша әркімнің жекелігі. Ол ресми сайт немесе құзырлы орган емес. Десе де, экс-президент (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев) елішілік һәм сыртқы саяси мәселелерге ықпал ете алатын құқығы бар адам. Әсіресе, әлгі әйдік болған 184 Жарлық Нұрсұлтан Назарбаевтың құзыретін одан сайын кеңейтті. Ол бойынша енді Назарбаев Қазақстанның Заңды сайланған (легитимді) президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік кадрларды тағайындау ісіне араласады. Ресми ақпарат айтпақшы, ақыл-мақұлын айтады.

Осындай лауазымды тұлғаның баспасөзін ұршықша иіріп отырған Айекеңнің, шалыс басып, шет тілде шүлдірлегенін ұқпай, біз далмыз.

Орыс тілі – Ресейдің мемлекеттік тілі. Рас, Қазақстанда да орыс тілді аудитория бар. Бірақ, ол этностің тілі, диаспораның тілі. Бұл факт!

Ал Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекетті құрушы ұлт – қазақтар. Қазір Қазақстан халқының 75 пайызы қазақша сөйлеп-жаза алатын жағдайда.

Бірер жыл бұрын министр болған Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкіметтегі кезекті баяндамаларының бірінде елдегі қазақ тілін меңгергендердің саны 83 пайызға жете-қабыл деп еді. Үкімет мұны ресми мойындамауы мүмкін, бірақ, бұл да факт! Иә, қазақ доминантты ұлтқа, қазақ тілі доминатты тілге айналған!

Біз қазақша сөйлейміз, қазақша оқимыз! Ал Айдос Үкібайлар ше? Көршінің тіліне неге кіріптар болып жүр? Олай деп топшылауымызға – жоғарыдағы екі айдың жазбасы себеп тудырып отыр. Әлде мұны мемлекеттік тілді менсінбеушілік, керек десеңіз қазақ тілін керек етпеушілік, қазақ тілді аудиторияны алалаушылық деп қабылдау керек пе? Бәлкім, Елбасының баспасөз хатшысы қазақ тілін білмейтін шығар, әлгі министрлер секілді бұл кісі де қазақ тілін, ана тілін ұмытып қалған шығар?  Әйтпесе, білдей президенттің өзі кеңесіне мұқтаж адамның баспасөзі бөтен мемлекеттің тілінде сөйлемес еді ғой...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3202
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5150