Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2810 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 11:00

«Нұр Отан» мемлекеттік қызметкерлерді «Мен жемқорлыққа қарсымын» төсбелгісін тағып жүруге міндеттеуге кеңес береді

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ -  Дина Ермағанбетова. «Нұр Отан» партиясының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметкерлерді «Мен жемқорлыққа қарсымын» төсбелгісін тағып жүруге міндеттеуге кеңес береді. Бұл ұсыныс жұма күні жемқорлыққа қарсы кеңестің кезекті отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

«Біз мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке Қазақстанның әрбір мемлекеттік қызметкерінің киімінің ажырамас бір бөлігі ретінде «Мен жемқорлыққа қарсымын» төсбелгісін міндетті түрде тағып жүруді қолға алып, енгізуге кеңес береміз», - деп мәлім етті «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жанындағы сарапшылар комиссиясының жетекшісі Мірболат Күнбаев.

«Нұр Отан» жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі мүшелерінің пікірінше, бұл бірінші кезекте, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2439
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4110