Жексенбі, 24 Қараша 2024
Дін 3944 1 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 11:27

Діни экстремизмнен жастарды қорғаудың жолы бар ма?

Батыс Қазақстан облысының орталығында Оралда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмның алдын алу мәселелеріндегі жастардың рөлі» атты екі күндік оқыту семинары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара барысында студенттер мен жоғарғы оқу орындарының магистранттары экстремизмнің алдын алу, еріктілердің қайырымдылық қозғалыстарын ұйымдастыру және әлеуметтік желілер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша өз сұрақтарына жауап алды. Оқыту семинары барысында тараптар радикалдық идеологияның теріс ықпалынан сақтану, экстремистік идеяларға тойтарыс беру мәселелерін талқылады. Қазіргідей ақпараттар ағыны өршіп тұрған кезеңінде жастардың дұрыс жолдан адасуы жиі кездесіп отыр. «Сондықтан қажетсіз нәрселердің ара-жігін ажырата білу жастар үшін аса маңызды», – дейді блогер Яков Федоров. Яков Федоров, блогер: – Семинарлардың мақсаты –экстремизмге қарсы волонтерлік қозғалыс және әлеуметтік желілердегі жұмыстарды дамыту. Және басқа конфессиялар өкілдеріне толеранттық көзқарас құру. Семинар ұйымдастырушыларының пайымынша, жастар ешқандай дәлелденбеген қағидаларсыз-ақ еріктілер қозғалысын құру арқылы қайырымдылық істермен айналыса алады. Еріктілердің ұйымын құруды меңгеру, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалана білу де маңызды міндеттер қатарында.

Альбина Нұрбаева, студент:

– Біздің ойымызды дамытуға көп үлесін қосып жатыр. Бізге көптеген идеяларды айтып және оларды қалай дамыту керектігін, дін жолында қалай теріс жолға кетпеу керектігін бәрін түсіндіріп жатыр, бізге бұл ұнап жатыр. Себебі бұл жерде өзіңнің де пікіріңді білдіруге болады. Елімізде «Экстремизмсіз Қазақстан» атты республикалық акция жұмысын бастады. Осы акция аясында байқау ұйымдастырылып, елордада қорытындыланады.

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543