Жексенбі, 24 Қараша 2024
Интернет конференция 6012 52 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 11:56

«Абайдың» қонағы - Жанболат Мамай

Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбы - қазақ қоғамындағы орын алып жатқан өзекті саяси оқиғаларға арналмақ.

Соның ішінде, келер жылы өтетін парламенттік сайлау, елішілік қоғамдық-саяси оқиғалар, Жанболат Мамай құрмақшы партия, Ұлттық кеңес және оппозициялық топтардың ішкі талас-тартысы т.б. тақырыптар қамтылады.

Осыған дейін белгілі журналист, қоғам қайраткері, күрескер Жанболат Мамай баспасөз жиынын өткізіп, саяси партия құратынын мәлімдеген.

«Біздің қоғамға өзгеріс керек. Біз парламенттік мемлекет болуымыз керек. Дәл қазір бізде тіркелген партиялар болғаныменен шынайы өзгерісті қалайтын партия жоқ. Бір ғана партия бар, ол – «Нұр-Отан». Қалғандары соның клондары. Алда келе жатқан сайлауға қатысып, күш болатын партия жоқ. Біз алда қиындық болатынын білеміз. Оған дайынбыз. Өз сөзімізде тұратындығымызға сөз беремін. Әріптестерімізбен келісіп, саяси партия құруды көздеп отырмыз», деп сөйлеген.

Осыған байланысты, «Абайдың» осы аптадағы қонағы - журналист, қоғам қайраткері Жанболат Мамай болмақ.

Спикер Жанболат Мамайдың ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Ескерту! Құрметті оқырман, спикердің жеке басына немесе отбасына соқтығысатын, ар-ұжданына тиетін, боқауыз, бейәдеп сөздер мен сұрақтарға жол берілмейді! 

Қонаққа қояр сауалдарыңыз бен айтар ойларыңыз болса, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

52 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543