Жексенбі, 24 Қараша 2024
3415 2 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 12:40

Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған алаяқтық жасады деген айып алып тасталды.

Әлеуметтік желіде ҚР Бас прокуратураның Алматы облысының кіші әкімі Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны туралы құжаттың скан-көшірмесі пайда болды.

"Істің тоқталғаны туралы арыз үкіметтің электрон кабинетіне бағытталған. Себебі қылмыстық заңбұзушылық жағдайлар мен құрамы анықталмаған. Ресми жауап келді. Негізінде бұл түпнұсқа құжат", деді БАҚ-қа пікір білдірген адвокат Алмас Демесінов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болды.

Шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол жазда осы қызметке тағайындалған еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560