Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 12411 0 пікір 14 Наурыз, 2017 сағат 09:44

ҰБТ-ДАН ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАНЫ РАС ПА?

Кеше бірқатар ақпарат құралдарында "Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Қазақ тілі» пәнінің жоқ екенін ресми мәлім еткені" жөнінде хабар тарады. Бірқатар электронды ақпарат құралдары әлгі ақпаратты өшіріп жатқанға ұқсайды.

Сол ақпараттардағы Рамазан Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған. Оның айтуынша, «Қазақ тілінің» сұрақтары «Оқу сауаттылығы» деген пәннің ішінде ішінара кездесетін көрінеді. Ал, ана тілі мектептегі қорытынды аттестацияда қалған.

«Мен орыс мектебінде оқимын делік. Сонда, енді маған ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілін тапсыру міндетті емес пе?» деген журналистің сұрағына Білім министрлігінің өкілдері «міндетті емес» деп жауап берген.

Сондай-ақ, Білім министрлігі Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахметзакиев: «Бұрын орыс мектебінде оқитындар қазақ тілін тапсырғанымен, оның балы оқуға түсерде саналмайтын. Мен сіздерге айтайын, қазақ тілі бұрын да формальді түрде ғана тапсырылды. Енді қазір мүлде алып тастадық. Қазақ тілі мектеп деңгейіндегі емтиханда қалды», - деген.

«Қазір орыс мектебінде қазақ тілі, қазақ мектебінде орыс тілі оқытылады. Қорытынды аттестацияда бұл екі пән де қалды. Қорытынды аттестацияда орыс тілінде оқығандар қазақ тілінен эссе жазады. Бұрын да Бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілінің балы саналмайтын. Енді жаңа форматта қазақ тілі аттестат алуға тапсырылатын бес емтиханның ішінде бар. Эссені үш сағат жазады. Орыс тілінде оқыса - орыс тілінде, қазақ мектебінде оқыса - қазақ тілінде жазады», - дейді Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Бұл қазақ тілін мүлдем қажетсіз етудің амалы емес пе? Біздің Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ға Баяндарды қосып, қазақ тілін қысқартып жатуы неліктен? 

Өткен апталарда Abai.kz-ке ресми сұхбат беремін деп, оның артын сиырқұймышақтандырып жіберген Сағадиевтің не ойы бар? 

Бұл жаңа формат 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді екен.

Қалың бұқарамен келіспей, мемлекеттік тілді бір жаққа ысыра салған министрлікке қашан тоқтам болады?

Шәріпхан Қайсар

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371