Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7882 0 пікір 27 Шілде, 2015 сағат 08:56

Қытай қазақтары «Абайдың балалық шағы» атты «3D» мультфильм жасады

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай Қытайдағы қандастарымыз «Абайдың балалық шағы» атты «3D» мультфильмін ұсынбақ. Бұл туралы «Қазақстан» арнасы хабарлады.

Бала Абайдың анимациялық образын жасауды Ғұсман Қажытай есімді қандасымыз осыдан екі жыл бұрын бастаған. Әрқайсысы 13 минут болатын 104 сериялы «Абайдың балалық шағы» шағын «Абай жолы» атты анимациялық студияда жасалып жатыр. Авторлар мультфильм қазақ, қытай, ұйғыр, ағылшын тілдерінде шығатынын айтады. Сонымен қатар, анимацияланған Абайды көруге тек Қазақстан мен Қытай емес, Оңтүстік Азияның бірнеше мемлекеті құштарлық танытуда. 
«Дала мәдениетін бейнелейтін мультфильмдер бұған дейін бұл жақта көрсетілмеген. Сол үшін де осы мультфильмнің сәтті шығуына бар күшімізді салып жатырмыз»,-дейді Ғұсман Қажытай. 
Бүгінде жобаның екі сериясы дайын тұр. Осы жылдың қыркүйек айында көпшілікке ресми түрде таныстырылады. Бұдан бөлек жоба авторы Ғұсман қандасымыз дарынды қазақ жастары тәрбиеленетін Абай атындағы аниматорлар академиясын ашпақ. Оның тұсаукесері де қыркүйек айына жоспарланған. 

 

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5331