Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 7147 0 пікір 5 Тамыз, 2013 сағат 06:23

Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек

Тәуелсіздігімізді әлем елдері танып бастаған  алғашқы жылдардың дүбірі жадымыздан өше қоймаған шығар. Қазіргі жағдаймыз тұрғысынан айтсақ,  «сол бір қиын-қыстау кезеңде» қазақ мемлекетінің билігі ұлтымыздың рухын дүр сілкіндіретін ірі қадамдарға барып жатты. Соның бірі де, бірегейі көші-қон мәселесі еді, турасын айтсақ Елбасымыздың қиыр жайлап, шет қонған ағайын-бауырын Атамекеніне шақырып үн қатауы еді. Төмендегі сөз соны баян етеді.

Abai.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев радиодан  1991 жылдың  31 желтоқсанында сөз сөйлеп, алыста жүрген қазақ ағайындарға ақ тілек жолдады.

Қымбатты отандастар! Қандас бауырлар! Ағайындар!

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, еліміздің ішкі, сыртқы саясатына ұлы өзгерістер алып келген, барлығымыз үшін үлкен сын болған 1991 қой жылы тарихта қалып, үміт пен күдігі мол жаңа  1992 жыл келді. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, жер бетіне тарыдай шашырап кеткен отандастар, қандас бауырлар, Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңыздың отбастарыңызға мол бақыт, қуаныш тілеймін! Аспанымыз әрқашан ашық болсын! Сіздермен атамекенде табысатын, емін-еркін қауышатын күнге тезірек жетейік!

1991 жыл қазақ елі үшін тарихта алтын әріппен жазылып қалатын жыл болды. Қазақстандықтар бүкіл ел болып, өздерінің тұңғыш Президентін сайлады. Ғарышқа тұңғыш рет алаш азаматы самғады. Елдігіміз бен ерлігімізді дәріптеген тарихи тұлғаларымыз  Абылайға, Қабанбайға, Бөгенбайға, Төле биге, Исатайға, Махамбетке, Сыпатайға ас беріліп, бүкілхалықтық құрмет көрсетілді. Бауыржан Момышұлы өзіне тиісті Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Жоғалып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырып келеді. Жыл сайын Наурыз мейрамы аталып өтеді, жастарымыз имандылық жолына түсіп, ата дәстүріне адалдықтарын байқатуда.

Қазақ елі  ежелден еркіндікті аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тәуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады. Өз территориямызда өкімет билігін толық өз қолымызға алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, әрі қарай қалай өмір сүру керек екенін  ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ өзіміз шешетін боламыз. Қазір көптеген елдер, оның ішінде Америка Құрама Штаттары, Түркия, Қытай секілді іргелі елдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін танып отыр.

Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам правосы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан ата-мекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!

Қымбатты бауырлар!

Сіздерді тағы да Жаңа 1992 жылдарыңызбен құттықтап, баршаңызға туған жердің ыстық сәлемін жолдаймын! Бақытты, үбірлі-шүбірлі болыңыздар! Биылғы жыл ақжарылқап жыл болсын!

«Егеменді Қазақстан» 1992 жыл 1 қаңтар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550