Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020
347 0 пікір 14 Қаңтар, 2020 сағат 11:02

Елизавета II патшайым Гарри мен Меганга "өтпелі кезеңді" өткеруге рұқсат берді

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II ханзада Гарри мен оның зайыбы Меганга “өтпелі кезеңді" өткеруге рұқсат берді. Осыған байланысты олар Канада мен Британияда кезек-кезек жүруге мүмкіндік алады.

Патшайым кенже немересі мен оның зайыбының жаңа әлеуметтік рөлге ие болғысы келетінін толық қолдайтынын, бірақ оларды дәстүрлі патшалық отбасы мүшелері ретінде көргісі келетінін жеткізген.

Британ ханзадасы Гарри және оның зайыбы Меган патшалық отбасы мүшесі мәртебесінен бас тартатынын 8 қаңтарда жеткізген.

Олар патшалық отбасыға қаржы жағынан тәуелді болып қалмауы үшін, өз істерін жүргізетінін мәлімдеген. Сонымен бірге жұбайлар өз алдына жаңа қайырымдылық қор құратынын да айтқан.

Ханзада Гарри мен америкалық бұрынғы актриса Меган Маркл 2018 жылдың 19 мамырында некеге тұрды. Үйленгеннен кейін олар Сассекс герцогтары деген мәртебеге ие болды.

Abai.kz

0 пікір