Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4574 12 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 12:38

Елге кірген көліктерді тегін тіркеуді талап етемін!

Армениядан келген көліктерді бір реттік жеңілдік шарасы ретінде тегін тіркеуге отырғызуды талап етемін!

170 мың армениядан әкелінген көліктің артында 1 миллионнан астам адамның күн көрісі, бала шағасының тамағы мен киімі, әлеуметтік жағдайы тұрғанын билік білуі қажет.

Сол көліктерді ақшасы тасығаннан әкелген жоқ, кедендік одаққа кіргеннің кесірінен, елде көлік қолжетімсіз баға болғасын, амалсыздан, қажеттіліктен алып келді.

Әсіресе Атырауда армениядан келген көлік өте көп, олар оңайлықпен көлігін бере қоймайды. Нәтижесінде үлкен әлеуметтік қарсыластыққа әкелуі әбден мүмкін. Себебі сайлауда дауыс ұрлау бір бөлек, біреудің маңдай терімен тапқан мүлкін тартып алу бір бөлек күрделі мәселе.

Сондықтан билік әрекетке көшпей тұрып қатты ойлануы тиіс.

Осы күнге дейін елге кірген көліктерді тегін тіркеуді талап етемін! Себебі бірнеше жыл бойы көлік алып келуге ешкім тосқауыл қоймады, ол мемелекеттік органдарының қателігі.

Талғат Аянның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

12 пікір