Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2416 2 пікір 1 Сәуір, 2024 сағат 16:27

Үкіметке әлі келмеді. Енді бюджетті есептейді...

Сурет: primeminister.kz

Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды», - делінген Президент Жарлығында.

Бұл қызметті күні бүгінге дейін Наталья Николайқызы Годунова атқарып келген. Президент Жарлығына сәйкес, Годунова қызметінен босатылды.

Смайыловтың жасы 51-де. 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 5 ақпанына дейін Қазақстан Үкіметін тізгіндеген.

Әр жылдары ҚР Статистика агенттігін, ҚР Қаржы министрлігін басқарған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтерде болған.

Смайылов Үкіметті басқарған екі жылда Қазақстан Үкіметіне қарата айтылған сын аз болған жоқ. Өңірлердегі қуаңшылық мәселесі, қыстың қақаған аязында ЖЭО-лардың кезек-кезек жарылуы, баға өсімінің тежелмеуі, бюджет шығындарының тоқтаусыз өсуі, бүкіл энергетикалық (ТЭЦ, құбыр), коммуналды инфрақұрылымның ескіруі, мәселені шешуде креативті көзқарастың жоқтығы т.б.

Жалпы, Әлихан Смайылов командасында мәселені шешуде батыл шешім мен креатив жоқтың-қасы болды. Оған айтылған сынның дені осыған байланысты болды. Барлық жарқын бастамаларды үкіметішілік бюрократия тежеді.  Бюрократия - қазақтың нағыз сорына айналып отырғаны ешкімге жұмбақ емес. Премьердің айтқаны әкімдерге басқаша жетіп отырды. Смайылов «шаш» десе, облыс әкімі оны «құлақ» деп естіді. Сол себепті Әлихан Смайылов та екі жылда расымен шаршады. Смайылов үкіметішілік бюрократиямен күресуге талпынды. Бірақ, қолынан келмеді.

Әуелден статист маман енді Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Смайылов енді есеппен шұғылданбақ. Бұл қызмет Смайыловтың қолынан келе ме, жоқ па, уақыт көрсете жатар...

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282