Жұма, 26 Сәуір 2024
2604 4 пікір 12 Ақпан, 2020 сағат 11:56

Сауд Арабиясына жұмыс іздеп кеткен қыздар құлдықтан босады

Сауд Арабиясына жақсы жалақы іздеп, қонақ үйлерде қызмет көрсетуге келген жас қыздар сексуалды құлдықтың құрбаны болған.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшасын сексуалды құлдықтан босатты, – деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

ҚазАқпараттың жазуынша, Бахрейнге келген бойда ондағы жұмыс берушілер қыздардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

4 пікір