Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4573 35 пікір 12 Ақпан, 2020 сағат 13:34

Тәңіршілдік - соқыр сенім емес

Кей жазбаларында дінді терең зерттеп жүрген танымал дос "тәңіршілдік дегенді қытайлар тықпалап отыр" деген өрескел қателіктерге жол беріпті...
Осыны оқып "ол қайдан келген қытайлар, олардың Кофуцииі өздеріне жетіп жатыр - біздің Тәңір түсінігімізде не шаруасы бар?" деп ойладым..

Жалпы, Дін - жеке бастың ісі болуы керек. Ал, бізге Тәңіршілікті "тықпалаушы" қытайлар емес. Тәңір туралы әңгімелерді сонау МӨДЕ хан тұсында оның Мұхамбет пайғамбардың елшісіне айтқан сөзінен білеміз...
Оны Күлтегін жазбаларынан оқып жатырмыз...

Ал, мұндағы заманда ол өткен ғасырдың 70 жылдарынан бері айтылып келеді. Сондықтан, оның шығуы қазақ халқының түп тарихынан бастау алып жатыр.

Мысалы, Олжастың "Аз и Я" кітабындағы көне Шумер мәдениетінің түркілік негізі де осы - Тәңірге жетелеп әкеледі.

Мысалы, Зорастризмді мұқият зерттесеңіз - ол да Жаратушы Тәңірге келіп тіреледі.

Мысалы, Хан Тәңірі тауымыздың атын да қытайлардың қоймағаны анық!

Мысалы, бүгінгі салт-дәстүріміздің дені әлі күнге сол Тәңірлік-көшпенді заманнан бері өзгермей келе жатқаны.

Мысалы, Жан азасының (жаназа) да арғы төркіні түркілік-тәңірлік дүниетанымнан құралғаны. (Оны қазір ислам "меншіктеп" алды демесеңіз).

Мысалы, "Адамның жаны аруаққа айналады" деген ұғымды қай исламнан табасыз? Ал біз әлі күнге солай ойлаймыз! "Аруақ қонады", "аруақ атады", аруағы қашты" деген түсініктер ше?

....Сондықтан, Тәңірін іштей құрметтейтін мыңдаған қазақтың кіршіксіз сенімін лайлап, оларды "қытай агенттері" етіп шығару - психологиялық агрессияға жатады! Негізі, олар (тәңірін танығандар) төл тарихына тұтас қарайтын (исламнан да арғы), терең тарихын түгендеу арқылы ұлтының ұлылығын дәріптейтін өз халқының нағыз патриоттары!.

Дін - сенімнің саясиланған түрі. Бүгінгі діндердің бәрі - идеологиялық қызмет атқарады. Тек біздің арғы бабаларымыздың Тәңірге деген сенімі ғана - мыңдаған жылдарда эволюциялық жолмен пайда болған кристалдай таза СЕНІМ. (Ешқандай саясат жоқ)

Осы сенім болса - дінге деген қатынас та өзгеше: ол - "Дініңе құрмет! Бірақ оны өзің ұста, мені зорлама!" деген ұстаным. (Мөденің пайғамбар елшісіне берген жауабы да осылай ма еді...) Сондықтан "тәңір" дейтіндер ешқашан "анау жаман, мынау жаман - біз ғана жақсымыз" деп айтпайды.

Қажеті не - "Түйсігі жеткен - өзі танып-білер (мойындар). Танып-білмесе (мойындамаса) - дүние күйіп кетпес!" дегенінен айнымайды! (Тәңірге де одан келіп-кетері шамалы).

Ең бастысы - бұл азаматтардың (тәңіршілердің) эволюциялық жолмен пайда болған Тәңірге деген сенімі арқасында "адамның өмірінің барлық мәні де, жақсылығы да тіршілігінде (тірі кезіңде)" деп білетіні!

Адам өмірінің мағынасы - о дүниге дайындық емес немесе қорқып қана амал ету емес, оның мағынасы - осы өмірде "Тәңірге лайықты өмір сүр, жақсылықты да тіршілікте жаса" дейтін Ұлы Тәңір заңы!

Сондықтан, біздің көне Сенімнің негізінде Жасампаздық пен Ізгілік жатады.
Табиғатпен үйлесім - Гармония жатады (бүкіл жаратылыс Тәңірдің тозаңынан (тәнінен) деген түсінік). Күннің шуағы жатады!

Бұл дегеніміз - соқыр сенім емес, бұл - танып-білу. Бұл - адами үздіксіз жетілу! Мұның қай жері қытайдан екен?..

Әбдірашит Бәкірұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610