Сейсенбі, 25 Ақпан 2020
Жағымды жаңалық 562 4 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 13:00

Елорда мектептеріне Алаш арыстарының есімі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысымен елордадағы 12 білім беру мекемесіне жаңа атау берілді.  

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 10 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 48 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 52 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 56 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 57 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 58 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 68 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 76 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

9) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 80 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;

10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 84 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі;

11) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 85 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі;

12) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілсін.

Abai.kz

4 пікір