Жұма, 26 Сәуір 2024
2387 4 пікір 17 Ақпан, 2020 сағат 11:27

Қазақстанда интернет жұмыс істемей қалды. Билік реакция білдірді

16 ақпанда таңертең бірқатар ақпараттық сайттарға (Azattyq сайты да бар) кіру қиындады. Бұған дейін Қазақстанда Telegram желісі істемей қалған.

Қазақстандық қолданушылар демалыс күндері интернет жылдамдығы нашарлап, Google сервистерінің дұрыс істемей қалғанын хабарлады. Олардың кейбірі Gmail пошта сервисіне кіре алмағанына шағымданса, бірі іздеу жүйесін пайдалана алмай қалғанын айтты.

Android қолданушылары қосымша жүктеп алатын Play Market те істемей тұрғанын хабарлады. Кейбір қолданушылар VPN қолданып отыр.

16 ақпанда президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырғанын" хабарлады. Президент қазір Германияда іссапармен жүр.

Қазақстандық қолданушылар елде Facebook, Youtube, Telegram, WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерге кіру қиындап кететінін айтып, жиі шағымданады. Елде қандай да бір наразылық шаралары кезінде, қоғам назарын аударған биліктің мәлімдемелерінен соң әлеуметтік желілердің жұмысында ақау болады.

Өткен аптада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы этникалық жанжал кезінде де WhatsApp желісіне кіру қиындаған еді.

Қазақстан билігі осыған дейін бірнеше рет «желідегі, интернеттегі ақауларға қатысымыз жоқ. Қолданушылар саны өскен сайын техникалық ақау жиі болады» деп мәлімдеген.

Abai.kz

4 пікір