Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 8272 38 пікір 2 Маусым, 2021 сағат 13:16

Қазақ баласы қай тілде білім алып жатыр?

Жалпы, облыстардағы, аудандардағы білім берудің еліміздің басты үш қаласына қарап бой түзейтіні жасырын емес. 2020/21 оқу жылы аяқталған шақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі қазақ, орыс және өзбек тілінде білім алып жатқан шәкірттердің ұлттық құрамы жұртты ойлантуға тиіс.

Қазақ өркениетінің тағантасы болып тұрған аталған үш қаладағы қазақ тілінде білім беруде кеткен кемшіліктерді ой елегінен өткізетін уақыт келді. Этникалық орыстар мен славяндардың аталған қалаларда саны аз болса да, қазақтардың балаларын орыс мектебіне беру үрдісі орыс мектептерін сақтап қалуға түрткі болып отырғаны жұртты ойлантуға тиіс.

78 пайыз қазақ тұратын Нұр-Сұлтанда 2020/21 оқу жылында қазақ тілінде 108 мың, ал, орыс тілінде 85 мың шәкірт білім алған. Кейбір деректерде 45 мың қазақ баласы орыс мектептерінде оқып жатыр делінеді. Сонда Елордадағы шәкірттердің 155 мыңын қазақтар құрап отыр. Пайызға шақсаңыз қанша болатынын есептей беріңіз? 40 мың этникалық орыстар мен славяндардың және орыс тілді өзге этностардың білім алуы үшін неше мектеп керек екендігін... 2-4 мың шәкірт оқитын оқитын не 10, не 20 мектеп. Бұны қалалық білім беру мекемесіндегілер және Нұр-Сұлтаннан Парламентке сайланған депутаттар неге ескермейтініне таңымыз бар.

Шымкентте қазақ тілінде - 152 мың, орыс тілінде - 54 мың, өзбек тілінде - 20 мың шәкірт білім алса, Алматының жағдайы ойлантады. Себебі бұл қалада 153 мың шәкірт орыс тілінде, 140 мың шәкірт қазақ тілінде білім алуда. Енді осы шәкіртің этникалық құрамы:

қазақтар - 195 мың,

орыстар - 53 мың,

ұйғырлар - 19 мың,

кәрістер - 5,5 тыс,

татарлар - 3,3 тыс,

әзерлер - 3,2 мың т.б.

Нұр-Сұлтандағыдай бұл қалада да 45 мың қазақ баласы орыс мәдениеті мен рухыны өз бойына сіңіріп жатыр. Әрі бітірген соң тағдырын қазақ елімен байланыстырмайды. 90 мың бала кішігірім екі ауданның халқы және Нұр-Сұлтан мен Алматыда халық саны өскенімен, мектепке баратын бала саны Шымкенттен аз екендігі байқалады. Демек, соңғы екі қалада демографиялық үйлесімсіздік бар.

Біздің айтпағымыз шәкірттердің ұлттық құрамына қатысты мектептерді қазақша және орысша деп бөлетін кез келді. Сонда үш қаладағы қазақ мектебінің саны артып, баласын орыс мектебіне бергіштер ұлттық мектепке бере бастайды.

Бұл арада ескеретін дүние - 3 мыңнан асқан диаспора өкілдеріне қазақ-өзге ұлт мектептерін ашуды қолға алу. Бұл үшін кейбір бүгінгі аралас мектептерді қазақ-ұйғыр, қазақ-татар, қазақ-кәріс, қазақ-әзербайжан мектептеріне айналдыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана мен Нұр-Сұлтандағы орыс тілді мектептерді қазақ-өзге ұлт мектептеріне айналдыруды қолға алуы керек-ақ. Бұған еліміздегі кәріс және әзербайжан елшіліктері де қарсы бола қоймайды.

Орыс тілді мектептерді еліміздегі диаспора санына орай қазақ өзге ұлт мектептеріне айналдырмай, біз біртұтас қазақ ұлтын қалыптастыра алмаймыз. Егер бұлай етпесек, өзге ұлт ұландары қазақ емес, орыс мәдениетін бойына сіңіріп, титулды ұлтқа жатбауыр болып өседі.

Қазір 1960 жылға дейін елімізде 150-ден аса украин бастауыш мектептері болғанын ешкім біле бермейді. Алаш елінде қазақ және өзге тілде оқытатын мектептер ашатын кез келді. Ресми деректердегі білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды деген көзбояушылықты жойып, саны 100 мыңнан асатын орыстан басқа дисапоралар үшін қазақ өзге ұлт аралас мектептерін ашатын кез келді.

Орыс тілді өзге ұлтты білім беру саласында қазақтың маңына топтастырмасақ, бәрінен кеш қалып, болашақта титулды ұлт пен қазақстандық ұлт текетіресінің алаңына айналамыз.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592