Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5701 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 12:17

Мүгедек балалардың құқығын кім қорғайды?

Төрт қабырғаға қамалып, терезеге телміріп отырған кемтар балаларға қатысты айтсақ, шешілмей жатқан түйін жетерлік. Соның ең өзектісі де, ең өкініштісі де, олар сапалы біліммен қамтылмай отырған көрінеді. Статистикалық мәліметтерді алға тартсақ, еліміз бойынша он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 48 мыңға жуық. Ал оларға арналған арнайы мектептер саны – 101.

«Жан» мүгедектер құқығын қорғау қоғамының төрағасы Айбек Дүмбаев:
– Мүгедек балалар мектепке барарда дәрігерлік тексеруден өтеді. Сонда комиссия мүшелері көпшілік балалардың білім алуларына рұқсат бермейді. Мейлі мүгедек болсын, еліміздің бір-бір азаматы ғой олар да. Олардың құқықтары тапталып отыр десем де, артық айтқандық емес. Жарымжан балаларымызды сауатсыздық, қараңғылықта қалдырып, біз тіпті қылмысқа жол беріп отырмыз. Олардың болашағын ойласам, қабырғам қайысады. Бір Алматы қаласының өзінде мұндай балалар саны 700-ге жуықтайды. Комиссия мүгедек балаларды мектепке барарда үш топқа бөледі. Біріншісі  жалпы мектептерге барады, екіншісі – арнайы мектеп-интернаттарда, үшіншісі – үйде оқитындар.
Осы тұста айта кетейік, төсекке таңылған балаларды оқытуға келгенде, мұғалімдер уақыттарына сараңдық жасайтынға ұқсайды.

Бұл тұрғыда «Жан» мүгедектер құқығын қорғау қоғамының заңгері Гүлмира Борашева:

– Мұғалімдер мүгедек балаларды үйде оқытудың сағатын шектейді. Ата-аналардан түсіп жатқан арыз-шағымдар да аз емес. Бұл құзырлы министрліктегілер мен жергілікті білім басқармасындағыларға үлкен сын дер едім.
Заңмен бекітілген сағаттың өзі аздық етуде. Сондықтан да бұл заңды қайта қарап, уақытты көбейту керек. Әрине, бұл анау айтқандай оңай шаруа емес, әрі қаржыны ұлғайтуды қажет етеді.
Көңілге медеу тұтарлығы, 2008 жылдан бастап дәрігерлік комиссия рұқсатымен мектепке дейінгі жастағы мүгедек балалар арасында жүріп-тұруға шамасы жететіндердің жалпы балабақшаларға баруларына мүмкіндік жасалып отыр.
Бұл Үкіметтің 2005-2010 жылдарға арналған «Білім беруді дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Ал екінші кезеңде мектеп жасындағы мүгедек балалар мектептерге бара бастайтын болады. Мұндай жағымды жаңалық жарымжан балалар мен олардың ата-аналарын бір қуантты, – дейді. Қуанбай қайтсін, «арымақ, семірмек – көңілден» деген бар, әйтпесе онсыз да көңілі қаяу ойын баласы өзін үйірінен айырылғандай сезінеді емес пе?!
Тағы бір айта кетерлігі, еліміздегі есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектептер саны тым аз. Сондықтан өзге аймақтағылар балаларын, мәселен, Алматы қаласындағы мектеп-интернаттарға әкеп тапсыруға мәжбүр болады. Мектеп табалдырығын енді аттаған жарымжан бүлдіршіннің ата-анасынан жырақта жүруі олардың психикасына қаншалықты кері әсер ететіні айтпаса да түсінікті. «Сондықтан да әрбір аймақтарда өзінің мектебі болмаса да, жергілікті жерлердегі білім ошақтарында арнайы сыныптар ашылса, жаман болмас еді», – дейді мүгедек балалар жайын ойлап жүрген жанашыр мамандар.
Біз негізгі-негізгі деген түйткілдерді тізіп шықтық. Оның жанында мүгедек балалардың білімін жетілдіру үшін аса қажет методикалық құрал-жабдықтар жетіспеушілігі бар. Бұл – өз алдына бір проблема. Оған сондай-ақ кәсіби мұғалімдер санының аздығын қосыңыз. Айтпақшы, еліміз бойынша бар-жоғы 27-28 пайыз бүлдіршін ғана балабақшаға барса, мүгедек балалар саны соның бір пайызын да құрамайды екен.
Иә, осылардың бәрін ескере келе, шала білімді мүгедек балалардың жоғары білім алулары турасында сөз қозғаудың өзі артық болар деген ойға келдік. Бірақ қалай дегенде де, Үкімет бұл мәселеге сергек қарауы тиіс.

Сағымхан Смағұлова, «Алатау» мүгедектер қоғамының төрайымы:
– Үкімет жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін мүгедек балалардың барлығын бірдей тегін оқытқаны жөн болар еді. Біздің мемлекеттің оған мүмкіндігі жетеді.
Сөзімізді мүгедек балаларға тиесілі жәрдемақы мөлшерімен аяқтасақ па дейміз. Бірі үйде отыруға мәжбүр болып, біреуі ғана жұмыс істейтін әке-шешенің бауыр еті баласының халін ойлап, қайғыдан  жүдеп-жадап жүргендері аздай, олардың басым бөлігін, басқасын айтпағанда, дәрі-дәрмектер алуға қажет қаржының тапшылығы қинауда. Ал Үкіметтің мүгедек балаларға бөліп отырған  жәрдемақылары мынадай:

Ләззат Билан
«Алаш айнасы» газеті 16 Мамыр 2009 жыл

0 пікір